Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016
Мұнай өндіру саласындағы ұйымдары басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 235 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 мамырда № 11129 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Энергетика министрінің м.а. 09.12.2015 жылғы № 704 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 125-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Мұнай өндіру саласындағы ұйымдары басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі В. Школьник

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
Т. Дүйсенова
14 сәуір 2015 жыл
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 235 бұйрығымен
бекітілді
Мұнай өндіру саласындағы ұйымдары басшыларының, мамандарының
және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік
сипаттамалары
1. Осы Мұнай өндіру саласындағы ұйымдары басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары (бұдан әрі - Сипаттамалар) мұнай өндіру саласы ұйымдарында кадрларды дұрыс таңдауды, пайдалануды, орналастыруды, олардың біліктілік сипаттамаларын анықтауды, басшылардың және мамандардың арасында еңбекті тиімді бөлуді қамтамасыз етуге бағытталған.
2. Біліктілік сипаттамаларды қолдану тәртібі Қазақстан Республикасы Еңбекті және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамардағы № 201-ө бұйрығымен бекітілген Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілердің біліктілік анықтамалығының Жалпы ережелерінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7756 тіркелген) (бұдан әрі - Біліктілік анықтамалығы) және Қазақстан Республикасы Еңбекті және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 19 шілдедегі № 165-ө бұйрығымен бекітілген Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын және Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын әзірлеу, сынақтау, қайта қарау, бекіту және қолдану ережесінде көрсетілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4886 тіркелген).
3. Мамандар лауазымдарының: бухгалтер, экономист, заңгер, кадрлар жөніндегі маман, аудармашының және қызмет салаларының барлығына ортақ басқа мамандар лауазымдарының біліктілік сипаттамалары Қазақстан Республикасы Еңбекті және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201-ө бұйрығыменбекітілген Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілердің біліктілік анықтамалығында белгіленген.
4. Лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеген кезде нақты ұйымдық-техникалық жағдайларда тиісті лауазымға тән жұмыстардың тізбесін нақтылауға жол беріледі және қызметкерлерді қажетті арнайы дайындауға талаптар белгіленеді.
Полная версия
ИС BestProfi