Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.01.2019
"Сату жөніндегі айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын кез келген нысандағы дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілік субстанциялардың, сондай-ақ оларды шығаруға арналған материалдар мен жинақтаушылардың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдардың; кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілік субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды шығаруға арналған материалдар мен жинақтаушылардың тізбесін және сату жөніндегі айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын косметологиялық, санаторийлік-курорттық қызметтерді қоспағанда, медициналық (ветеринариялық) қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 ақпандағы № 133 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 402 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2019 жылғы 19 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2018 жылғы № 922 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Сату жөніндегі айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын кез келген нысандағы дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілік субстанциялардың, сондай-ақ оларды шығаруға арналған материалдар мен жинақтаушылардың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды,  сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдардың; кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілік субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды шығаруға арналған материалдар мен жинақтаушылардың тізбесін және сату жөніндегі айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын косметологиялық, санаторийлік-курорттық қызметтерді қоспағанда, медициналық (ветеринариялық) қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 ақпандағы № 133 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 10, 55-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Сату жөніндегі айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын кез келген нысандағы дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілік субстанциялардың, сондай-ақ оларды шығаруға арналған материалдар мен жинақтаушылардың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдардың; кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілік субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды шығаруға арналған материалдар мен жинақтаушылардың тізбесін бекіту туралы»;
көрсетілген қаулымен бекітілген сату жөніндегі айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын кез келген нысандағы дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілік субстанциялардың, сондай-ақ оларды шығаруға арналған материалдар мен жинақтаушылардың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдардың; кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілік субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды шығаруға арналған материалдар мен жинақтаушылардың тізбесінде:
 

7326 90 980 9-дан

медициналық мақсатта пайдаланылатын зарарсыздандырылған қораптар және ұқсас бұйымдар

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
 

7326 90 980 8-ден

медициналық мақсатта пайдаланылатын зарарсыздандыру қораптары және ұқсас бұйымдар

 

8474 20 000 0-ден

8474 39 000 1,

8474 80 101 0,

8474 80 901 0,

8474 90-ден

ұнтақ күйдегі минералды өнімдерді ұсатуға, ұнтақтауға, араластыруға арналған жабдық (грануляторлар); фармацевтикалық өнімді шығару кезінде пайдаланатын агломерациялауға, пішіндеуге немесе құюға арналған жабдықтар және олардың бөлшектері

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
 

8474 20 000-ден

8474 39 000 1,

8474 80 101 0,

8474 80 901 0,

8474 90-нан

ұнтақ тәрізді күйдегі минералды өнімдерді ұсатуға, ұнтақтауға, араластыруға арналған жабдық (грануляторлар); фармацевтикалық өнімді шығару кезінде пайдаланатын агломерациялауға, пішіндеуге немесе құюға арналған жабдықтар және олардың бөлшектері

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Полная версия
ИС BestProfi