Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2018
Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын тіркелген тарифтер және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және олармен келісілген техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген босату бағасының деңгейінен аспайтын тарифтер бойынша сатып алуы, қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын шартты тұтынушыларға сатуы шарттарының үлгі нысандарын бекiту туралы 
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 163 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 сәуірде № 10780 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Энергетика министрінің 28.11.2017 жылғы № 480 Бұйрығына сәйкес
Редакция 14.12.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын тіркелген тарифтер бойынша сатып алуы шартының;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және онымен келісілген техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген босату бағасының деңгейінен аспайтын тарифтер бойынша сатып алуы шартының;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын шартты тұтынушыларға сатуы шартының үлгі нысандары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы  бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі В.Школьник
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрi
Е. Досаев ______________
2015 жылғы 19 наурыз
Қазақстан Республикасы 
Энергетика министрінің 
2015 жылғы 2 наурыздағы
№ 163 бұйрығына
1-қосымша
Нысан
Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын тіркелген тарифтер бойынша сатып алуының үлгі шарты
Бірлесіп «Тараптар», ал жеке-жеке «Тарап» деп аталатын, Қазақстан Республикасы _________________________ мекенжайы бойынша тіркелген           (заңды мекенжайы көрсетілсін)
Полная версия
ИС BestProfi