Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2021
Сәйкестікті растау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 331 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 мамырда № 10979 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 29.06.2021 жылғы № 434-НҚ Бұйрығына сәйкес 
Редакция 06.03.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 8) тармақшасына, 12-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Сертификатталған өнімнің, процестердің техникалық регламенттермен белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі аккредиттелген органның инспекциялық бақылауды жүзеге асыру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Берілген сәйкестік сертификаттарының немесе сәйкестік туралы декларацияларды тіркеудің қолданылуын тоқтату немесе күшін жою қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Шетелдік сәйкестік сертификаттарын, сынақ хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттарды тану қағидалары бекітілсін.
2. «Сәйкестікті растау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2005 жылғы 22 сәуірдегі № 119 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 3601 болып тіркелген, 2005 жылғы қыркүйек, № 18, 148-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б.Б. Қанешев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында осы бұйрықтың орналастырылуын;
4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасыны Инвестициялар және даму  министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
 2015 жылғы 26 наурыздағы
 № 331 бұйрығына 1-қосымша
Сертификатталған өнімнің, процестердің техникалық регламенттермен белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі аккредиттелген органның инспекциялық бақылауды жүзеге асыру қағидалары
1. Осы Сертификатталған өнімнің, процестердің техникалық регламенттермен белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі аккредиттелген органның инспекциялық бақылауды жүзеге асыру қағидалары «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және сертификатталған өнімнің, процестердің техникалық регламенттермен белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі аккредиттелген органның инспекциялық бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Сертификатталған өнімге, процеске инспекциялық бақылауды өнімнің, процестің техникалық регламенттермен белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау тәсілдерін белгілейтін сәйкестікті растау схемасына сәйкес, сәйкестік сертификаты қолданысының барлық мерзімі аралығында мерзімдік және жоспардан тыс тексерулер нысанында жылына кемінде бір рет сәйкестік сертификатын берген сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган жүзеге асырады.
Полная версия
ИС BestProfi