Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.07.2018
Жер қойнауын пайдалану түрлері бойынша модельдік келісімшарттарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 412 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 мамырда № 11167 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 29 шілдеден бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.05.2018 жылғы № 325 Бұйрығына сәйкес
Редакция 28.01.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 61-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1) барлауға арналған модельдік келісімшарт, осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) өндіруге арналған модельдік келісімшарт, осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) бірлесіп барлауға және өндіруге арналған модельдік келісімшарт, осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған модельдік келісімшарт, осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы бұйрыктың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармакшаларында көзделген жер қойнауын пайдалану түрлері бойынша модельдік келісімшарттар, көмірсутек шикізатын, уран мен көмірді қоспағанда, барлық пайдалы қазбалар түрлеріне қолданылады.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті (Т.С. Тоқтабаев):
1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев 
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Білім және ғылым министрі 
_________ А. Сәрінжіпов 
2015 жылғы 27 сәуір 
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Денсаулық сақтау және 
әлеуметтік даму министрі 
_________ Т. Дүйсенова 
2015 жылғы  сәуір 
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрі 
_________ Б. Сұлтанов 
2015 жылғы 23 сәуір 
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
____________ Е. Досаев 
2015 жылғы 6 мамыр 
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Энергетика министрі 
__________ В. Школьник 
2015 жылғы 10 сәуір 
Полная версия
ИС BestProfi