Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 16.06.2020
"Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 205 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 мамырда 11077 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 16 маусымнан бастап ҚР Білім және ғылым министрінің 04.06.2020 жылғы № 229 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 02.11.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Ғылым комитеті (С.Е. Жолдасбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіпов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
_____________ М. Құсайынов
2015 жылғы 17 сәуір
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
 2015 жылғы 15 сәуірдегі
№ 205 бұйрығымен бекітілген
«Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - Мемлекеттік қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.
3. Мемлекеттік қызметті "Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 02.11.2015 жылғы № 620 Бұйрығына сәйкес (15.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Конкурстық құжаттама мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен гранттық қаржыландыру конкурсының талаптарына сәйкес келген жағдайда мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамаға өтініштер қабылдауды көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап күнтізбелік 90 күн;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар пакетін тапсыруы үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты 30 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты 30 минуттан аспайды.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - қағаз тасымалдағыштағы мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптаманың қорытындысы.
Мемлекеттік қызметті көрсету қорытындысын ұсыну нысанын: қағаз түрінде.
7. Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 02.11.2015 жылғы № 620 Бұйрығына сәйкес (15.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбімен жұма аралығында, сағат 13:00-де 14:30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес үлгілік нысан бойынша мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі өтінім екі данада ұсынылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызмет корсету мәселелері бойынша Министрлік, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымдық адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым жазбаша түрде:
Министрлік басшысының не оның міндетін атқарушының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
Шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі және орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Білім және ғылым министрінің 02.11.2015 жылғы № 620 Бұйрығымен (15.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
3) көрсетілетін қызметті берушінің: www.ncste.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
14. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: +7 (7172) 74-16-59, +7 (7172) 57-91-31. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
«Мемлекеттік ғылыми-техникалық
 сараптама өткізуге арналған
 құжаттарды қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
 стандартына қосымша
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізуге өтінімнің үлгілік нысаны
         1. Жобаның мақсаттары мен міндеттері [500 сөзден аспайды]
Бұл бөлімде жобаның мақсаты және жоба мақсатына қол жеткізу тәсілі, оларды іске асыру мен күтілетін нәтижелердің қысқаша түсініктемесімен коса қойылған міндеттер сипатталады.
2. Жобаның ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы [500 сөзден аспайды]
1) жобаның ұлттық және халықаралық деңгейдегі жаңашылдығы мен маңыздылығы;
2) жобаны іске асыруға және оның нәтижесін алуға әлеуметтік сұраныс және (немесе) экономикалық және индустриялық мүдделілік.
3. Зерттеу әдістері [1000 сөзден аспайды]
1) жобада пайдаланылатын әдістерді қойылған мақсаттарға қол жеткізу тәсілдерін негіздеу, таңдалған амалдарды негіздеу ретінде сипаттау;
2) жобаны орындаудың сыни межелері, баламалы жолдары.
4. Жобаны іске асыру және басқару тобы [2500 сөзден аспайды]
1) зерттеу тобының құрамын, олардың ұстанымдарын, біліктілігі мен жобадағы жұмыс бағыттарын және жоба кезеңдерін қамтитын жұмыс жоспарын сипаттау;
2) жобаны іске асырудың әр жылына міндетті түсіндіруді келтіре отырып, жобаның жалпы құнын негіздеу (мың теңгеде);
3) жобаны іске асыру үшін қолданыстағы материалдық-техникалық базаны сипаттау.
5. Күтілетін нәтижелер [500 сөзден аспайды]
Бөлімде мынадай ақпарат көрініс табады:
1) рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланымдарды жүзеге асыру және жобаның алынған нәтижелерін патенттеу мүмкіндіктері;
2) күтілетін ғылыми және әлеуметтік-экономикалық әсер;
3) алынған нәтижелердің қолдануға жарамдылығы;
4) алынған нәтижелерді мақсатты тұтынушылар;
5) жұмыс нәтижелерін әлеуетті тұтынушылар, ғалымдар қоғамдастығы және қалың бұқара арасында тарату.
Бөлімде «Жобаның ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы» деген 2-бөлімде сілтемелері берілген жарияланымдар көрсетіледі.
Әр жарияланым журналдың толық атауын, басылым нөмірін, шығарылған жылын, бет нөмірлерін, мақаланың толық атауын, мақаланың барлық авторларының есімдерін қамтуы тиіс.
Полная версия
ИС BestProfi