Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 26.05.2020
Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 мамырда № 11220 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 26 мамырдан бастап ҚР Білім және ғылым министрінің 12.05.2020 жылғы № 197 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 03.07.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2018 жылғы № 212 Бұйрығына сәйкес (22.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.06.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білімді жаңғырту департаменті (Мадеев С.М.) белгіленген заңнамалық тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіпов
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму министрі 
_____________________ Ә Исекешев 
«___»___________2015 жыл 

«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Экономика министрі 
_____________________ Е. Досаев 
«___»___________2015 жыл
Полная версия
ИС BestProfi