Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.05.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 306 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 мамырда № 11274 тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 18.04.2025 жылғы № 180 Бұйрығына сәйкес 
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн:
1) «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
06 «Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салықтар» сыныбында:
«Кедендік төлемдер» 1-кіші сыныбында: 
мынадай мазмұндағы 17 және 18-ерекшелiктермен толықтырылсын:
«17 Қырғыз Республикасы бөлген кедендік баждар 
18 Қырғыз Республикасынан түсетін кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етудің өндіріп алынған сомалары»;
«Халықаралық сауда мен операцияларға салынатын басқа да салықтар» 2-кіші сыныбында: 
мынадай мазмұндағы 11-ерекшелiкпен толықтырылсын:
«11 Қырғыз Республикасынан түскен арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары»;
бюджет шығыстарының функционалдық ['[сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
2 «Қаржылық қызмет» функционалдық кіші тобында:
733 «Облыстың мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 117 және 118-бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
Полная версия
ИС BestProfi