Близость слов: Окончание:





Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 399 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11312 тіркелді
Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 жылғы № 922 Бұйрығына сәйкес (30.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Редакция 24.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 5-бабының 6-9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Е. Досаев
2015 жылғы 8 мамырда
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
 2015 жылғы 31 наурыздағы
 № 399 бұйрығымен
 бекітілген
Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау қағидалары
1. Осы Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабы 6-9) тармақшасына және 11-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленген және үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау тәртібін белгілейді.
2. Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбы:
2-тармақ өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.11.2022 жылғы № 652 Бұйрығымен (28.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 11.07.2023 жылғы № 496 Бұйрығына сәйкес (22.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) күнтізбелік бір жыл ішінде тұтыну мөлшері бес жүз және одан көп тонна шартты отынға барабар үйлердiң, құрылыстардың, ғимараттардың жаңасын салу немесе қолданыстағыларын кеңейту (күрделі жөндеу, қайта жаңарту) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын орындау кезінде;
2) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына тапсырыс берушінің бастамасымен күнтізбелік бір жыл ішінде энергетикалық ресурстарды тұтыну мөлшері бес жүз тонна шартты отыннан кем үйлердiң, құрылыстардың, ғимараттардың жаңаларын салудың немесе қолданыстағыларын кеңейтудің (күрделі жөндеу, қайта жаңарту) жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын орындаған кезде айқындалады.
Жаңа үйлердің, құрылыстардың және ғимараттардың немесе кеңейтуден (реконструкциялаудан, күрделі жөндеуден) өткен қолданыстағы үйлердің, құрылыстардың және ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбы туралы ақпарат салынған және пайдалануға берілген объектінің кадастрлық паспортының не объектіні пайдалануға қабылдау актісінің деректеріне сәйкес қабылданады және олар пайдалануға берілген сәттен бастап бес жыл ішінде жарамды болып табылады.
3. Қолданыстағы үйлердің, құрылыстардың және ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбы жүргізілген энергия аудитінің қорытындылары бойынша айқындалады және энергия аудиті жүргізілген кезден бастап бес жыл ішінде жарамды болып табылады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.11.2022 жылғы № 652 Бұйрығына сәйкес (28.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптырын айқындау және қайта қарау тәртібі
4. Қолданыстағы үйлердің, ғимараттардың, құрылыстардың меншік иелері энергия тиімділігі сыныптарын айқындау үшін «Энергия аудитін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 400 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11729 болып тіркелген) сәйкес энергия аудиторлық ұйымдарғаэнергия аудитін жүргізу үшін жүгінеді.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 жылғы № 922 Бұйрығына сәйкес (30.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Энергия аудиті нәтижелері бойынша үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбы туралы ақпаратты қамтитын қорытынды беріледі.
5. Үйлердің, ғимараттардың, құрылыстардың жаңаларын салудың немесе қолданыстағыларын кеңейтудің (күрделі жөндеу, қайта жаңарту) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеген кезде энергия тиімділігі сыныбын айқындау үшін:
1) тапсырыс беруші жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеуге арналған тапсырмасында қажетті энергия тиімділігі сыныбын көрсетеді;
2) жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама тапсырмада көрсетілген энергия тиімділігі сыныбын ескере отырып, әзірленеді;
3) жобалау құжаттамасында белгіленген объектінің энергия тиімділігі сыныбы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізілетін, құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысында көрсетіледі.
6. Энергия тиімділігі сыныбы әрбір бес жылда бір реттен сирек болмай энергия аудитін жүргізу арқылы қайта қаралады.
7. Энергия тиімділігі сыныбы Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру салаларындағы мемлекеттік нормативтер, құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес осы Қағидаларға қосымшада көрсетілген көрсеткіштерге сәйкес айқындалады.
8. Энергия тиімділігі сыныбы үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың кадастрлық паспортында көрсетіледі.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 11.07.2023 жылғы № 496 Бұйрығына сәйкес (22.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Үйлердің,құрылыстардың,
ғимараттардың энергия тиімділігі
сыныптарын айқындау
және қайта қарау қағидаларына
қосымша
Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.11.2022 жылғы № 652 Бұйрығына сәйкес (28.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптары

р/с

Энергия тиімділік сыныбының белгілеленуі

Энергия тиімділігі сыныбының атауы

Ғимаратты жылытуға және желдетуге арналған энергия тиімділік көрсеткішінің есептік (нақты) мәнінің нормативтік мәнінен ауытқу шамасы, %

1

A

өте жоғары

-51-ден төмен

2

B

жоғары

-16-дан-50-ге дейін

3

C

қалыптыдан жоғары

-6-дан -15-ке дейін

4

D

қалыпты

от -5 +5-ке дейін

5

E

қалыптыдан төмен

+6-дан +15-ке дейін

6

F

төмен

+16-дан +50-ге дейін

7

G

өте төмен

+51-ден жоғары

Полная версия
ИС BestProfi