Мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 276 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 маусымда № 11283 тіркелді
«Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 7)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 27.02.2023 жылғы № 88 Бұйрығына сәйкес (09.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.06.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдануын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтын 2) және 3)-тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
_____________________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 6 мамыр
«КЕЛІСІЛДI»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
_____________________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 11 мамыр
Мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін қалыптастыру қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 09.12.2016 жылғы № 524 Бұйрығымен (08.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 27.02.2023 жылғы № 88 Бұйрығына сәйкес (09.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.06.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 20.12.2024 жылғы № 477 Бұйрығына сәйкес (27.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін қалыптастыру тәртібін айқындайды.
1) графиктен үзінді көшірмелер – жөнелтушілерге, операторға, мұнай тасымалдау ұйымдарына, мұнай өнімдерін өндірушіге және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі – Комитет) жөнелтушілер магистральдық мұнай құбыр саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы мұнай тасымалдауға қағаз және электрондық түрде ай сайын уәкілетті орган жіберетін ақпарат;
2) мұнай жөнелтуші (бұдан әрі – жөнелтуші) – мұнай өндіруші болып табылатын тұлға немесе оны заңды негіздерде сатып алған тұлға не олар уәкілеттік берген, мұнайды тасымалдау жөніндегі қызметтерді ұсынуға арналған шарт негізінде магистральдық құбырмен тасымалдау үшін мұнайды ұсынатын тұлға;
4) магистральдық мұнай құбыры – мұнайды қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ететін желілік бөліктен және объектілерден тұратын, техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес келетін бірыңғай өндірістік-технологиялық кешен;
5) мұнайды тасымалдау графигі – уәкілетті орган бекіткен мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен және (немесе) басқа көлік түрімен тасымалдау графигі;
7) оператор – мұнайды магистральдық мұнай құбырымен тасымалдауды және (немесе) оны пайдалануды жүзеге асыратын магистральдық мұнай құбырының меншік иесі немесе магистральдық мұнай құбырына өзге де заңды негізде иелік ететін заңды тұлға не олар уәкілеттік берген, операторлық қызметтер көрсететін ұйым;
8) тасымалдауға арналған өтiнiм (бұдан әрі – өтiнiм) – осы Қағидаларға қосымша сәйкес нысаны бойынша уәкілетті органға қағаз және (немесе) электрондық түрде ақпараттық жүйе арқылы жіберілетін мұнайды магистральдық мұнай құбырымен тасымалдауға арналған өтінім (айлық);
10) магистральдық мұнай құбыр саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) – мұнайды магистральдық мұнай құбыры арқылы тасымалдау графигін әзірлеу үшін ақпаратты жинауға, сақтауға, талдауға және өңдеуге арналған мұнайды жеткізуді басқару бойынша магистральдық мұнай құбыр саласындағы уәкілетті органның жүйесі.
3. Мұнайды магистральдық мұнай құбыры арқылы тасымалдау графигі (бұдан әрі – график) магистральдық мұнай құбырының меншік иесінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес негіздерде не магистральдық мұнай құбырына өзге де заңды негізде иелік ететін тұлғаның немесе олардың атынан осындай қызметтер көрсетуге уәкілетті оператордың және жөнелтушінің арасындағы тиісті шарттар ескеріле отырып әзірленеді.
«Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабына сәйкес уәкілетті органы айқындайтын көлемдердегі Қазақстан Республикасының ішкі қажеттіліктері;
стандартты емес жағдайлар (хлорорганикалық қосылыстардың мөлшері бойынша рұқсат етілген мәндерден асып кету, отандық мұнай өңдеу зауыттарындағы авариялық жағдайлар, мұнай өңдеу зауыттарын жоспардан тыс жөндеуге тоқтату, электр энергиясының ажыратылуы, экспорттық бағдарлардағы штаттан тыс жағдайлар, оның ішінде мұнай тасымалдауды шектеу);
5. Мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында отандық мұнай өңдеу зауыттарын мұнай өнімдерімен ішкі нарықты шикізатпен толық жүктеу және осы Қағидалардың 4-тармағында айқындалатын көлемдерді ішкі нарыққа бөлу кезінде жөнелтушілерге мөлшерлес жүктемені ұстап тұру арқылы өңірлер бойынша жыл сайынғы пайыздық жүктеме (жинақтаушы) ескеріледі.
Өңірлер бойынша пайыздық жүктеменің өзгерістерін өңірдегі жөнелтушілердің мұнай өндіру деңгейіне байланысты, бірақ ұлғаю немесе азаю жағына қарай он пайыздан (жинақтаушы жүктеме) аспайтын өзгерістерді уәкілетті орган енгізеді.
Негізгі өтінімдерге енгізілетін толықтыруларға сәйкес жөнелтушілер өздерінің экспорттық көлемін ішкі нарыққа, оның ішінде жөнелтушінің ресурстық базасының жалпы көлемінің жүз пайызына дейін қайта бағыттайды.
6. Уәкілетті орган графикті әзірлеу кезінде, оның ішінде осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген жағдайларда бекітілген графикке өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде ресурстық база көлемдерін жедел бөлуге ауысады.
7. Графикті қалыптастыру үшін жөнелтуші ай сайын есепті айдың алдындағы, айдың оныншы күніне дейін уәкілетті органға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпараттық жүйе арқылы электрондық түрде және (немесе) қағаз түрінде жоспарланған айға өтінімді жіберіледі.
Жөнелтуші өтінімді қағаз және (немесе) электрондық түрде ұсынбаған жағдайда уәкілетті орган осы Қағидалардың 3, 4, 5 және 6-тармақтарында белгіленген талаптарды ескере отырып, графикке енгізуге жататын мұнай көлемін айқындайды.
Ақпараттық жүйе техникалық ақаулықтар және (немесе) істен шыққан жағдайларда жоспарланған айға арналған өтінім уәкілетті органға есепті айдың алдындағы, айдың оныншы күніне дейін қағаз түрінде жіберіледі.
Осы Қағидаларда белгіленген нысанға сәйкес келмейтін, ұсыну мерзімі өткеннен кейін ақпараттық жүйе арқылы электрондық түрде және (немесе) қағаз түріндегі жіберілген өтінім ақпараттық жүйеде қабылданбайды және (немесе) уәкілетті органда тіркеуге жатпайды.
8. Жөнелтушілер уәкілетті органға өтінім берген кезде пайыздық жүктемені ескере отырып өздерінің ресурстық базасын заңды тұлғалар тобы шеңберінде бөледі.
9. Бұл ретте өтінім еншілес ұйымдардың жазбаша келісімі болған кезде жөнелтушінің құрылтайшыларының (қатысушыларының) атынан уәкілетті органға беріледі.
Өзінің заңды тұлғалар тобы шеңберінде жөнелтушінің құрылтайшыларының (қатысушыларының) атынан уәкілетті органға график қалыптастыру үшін өтінім берілген жағдайда жөнелтушінің құрылтайшылары (қатысушылары) уәкілетті органды өзінің ресурстық базасын өзінің заңды тұлғалар тобы шеңберінде бөлу жөніндегі ниеттері туралы, бірақ алты айда кемінде бір рет хабардар етеді.
10. Ақпараттық жүйе арқылы графикті қалыптастыру үшін оператор ай сайын есепті айдың алдындағы айдың онына дейін магистральдық құбырлардың техникалық өткізу қабілетінің болуын растайды.
Ақпараттық жүйе арқылы берілген көрсеткіштер өзгерген, төмендеген және (немесе) асып кеткен кезде оператор осындай өзгерістер туралы негіздемемен ақпараттық жүйеде түсініктеме береді.
Бұл ретте графиктер келесі реттілікпен әзірленеді. Ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету үшін көлемдерді бөлу, бұдан әрі қалдық қағидаты бойынша экспорттық бағыттарға көлемдерді бөлу.
12. Графиктен үзінді көшірме график қалыптастырылғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде қағаз түрінде операторға, мұнай тасымалдау ұйымдарына, мұнай өнімдерін өндірушіге орындау үшін, сондай-ақ Комитетке жіберіледі.
Операторға (нетто салмағы бойынша), мұнай тасымалдау ұйымдарына, сондай-ақ Комитетке (брутто салмағы бойынша) жолданатын графиктен үзінді көшірмеде жөнелтушінің экспорт үшін және Қазақстан Республикасы аумағынан шығаруға жататын басқа оператордың магистральдық мұнай құбырлары жүйесіне беру (ауыстырып құю) үшін, Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарына жеткізу (беру) үшін мұнайды қабылдау-тапсыру пунктінен қарастырылған мұнай мөлшері, сондай-ақ келісімшарттың нөмірі және жөнелту бағдары көрсетіледі.
Мұнайдың брутто массасы балласт массасын қосқанда мұнайдың жалпы массасы ретінде айқындалады. Балласт массасы мұнайдағы судың, хлорлы тұздардың және механикалық қоспалардың жалпы массасы ретінде айқындалады.
Бұл ретте әрбір мұнай қабылдау-тапсыру пунктін жөнелтуші көрсете отырып, графиктен үзінді көшірме операторға және мұнай тасымалдау ұйымдарына ақпараттық жүйе арқылы электрондық түрде жіберіледі.
13. Графикке өзгерістер мен толықтырулар ақпараттық жүйе арқылы мұнайды қабылдау-тапсыру пункттері бойынша магистральдық мұнай құбырлары жүйесіне бөлу арқылы қалыптастырылады және мұнай тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге оператордың техникалық қабілеттілігіне растауы болған кезде бекітіледі.
Жөнелтушінің жоспарланған ай шеңберінде уәкілетті органға ақпараттық жүйе арқылы электрондық түрде және (немесе) қағаз түрінде түзету үшін жіберген графикке өзгерістер мен толықтыруларды уәкілетті орган қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Графиктен үзінді көшірмелер графикке өзгерістер мен толықтыруларды қарау нәтижесінде жөнелтушіге, операторға орындау үшін және Комитетке (мұнай экспорты кезінде) жіберіледі.
15. Уәкілетті орган өтінімді қабылдау, графикті қалыптастыру, сондай-ақ графиктен үзінді көшірмелерді 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін қағаз түрде жүзеге асырады.
* оның ішінде мұнайдың шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттардың көшірмелерін міндетті түрде көрсете отырып, бөгде заңды және (немесе) жеке тұлғалардан сатып алынған;