Близость слов: Окончание:





Мемлекеттік орман күзеті туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 18-1/429 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 маусымда № 11326 тіркелді
Редакция 30.01.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегі Орман кодексiнің 13-бабы 1-тармағының 18-38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекттік орман күзеті туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
 2015 жылғы 12 мамырдағы
 № 18-1/429 бұйрығымен
 бекітілген
Мемлекеттік орман күзеті туралы ереже
Ереже мәтініндегі «бас орман күтушілер», «бас орман күтіушілердің орынбасары», «бас орман күтушісі», «бас орман күтушінің орынбасары», «орман күтушісі», «орман күтушінің көмекшісі», «орманшылар» сөздері «бас орманшылар», «бас орманшылардың орынбасарлары», «бас орманшы», «бас орманшының орынбасары», «орманшы», «орманшының көмекшісі», «орман күтушілері» сөздерімен ауыстырылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.10.2015 жылғы № 18-03/947 Бұйрығы бойынша (15.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1. Мемлекеттiк орман күзетi ормандарды күзету, қорғау, молықтыру және орман пайдалану мәселелерiмен айналысатын орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік табиғат қорғау мекемелерінің қызметкерлерiнен тұрады.
2. Мемлекеттік орман күзетi 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 13-бабы 1-тармағының 18-38) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы орман заңнамасы, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасының аясында құқық бұзушылықтарды, сондай-ақ орманға зиян келтiретiн басқа да iс-әрекеттердi болдырмау және оларды тыю жөнінде шаралар қолданады.
2. Мемлекеттiк орман күзетiнiң мiндеттерi
3. Мемлекеттік орман күзетiнiң негiзгi мiндеттерi:
1) орман өрттерiнiң алдын алу, оларды дер кезiнде байқау және жою бойынша iс-шаралар жүргiзу;
2) мемлекеттiк орман қорының аумағында барлық жұмыс істейтін және онда орналасқан ұйымдардың, сондай-ақ орманда жүрген жеке тұлғалардың Кодекстің 63-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілген Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын және Кодекстің 67-бабына сәйкес бекітілген Ормандардағы санитариялық қағидаларды сақтауын қамтамасыз ету;
3) ормандарды ағаштың заңсыз кесілуінен, зақымданудан, талан-таражыға салынуынан және Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудың басқа да әрекеттерiнен қорғау, coндай-ақ мемлекеттік орман қоры жерлерiн қорғау;
Полная версия
ИС BestProfi