Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.07.2021
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
 2015 жылғы 24 сәуірдегі
 № 352 бұйрығына
 2-қосымша
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 жылғы № 760 Бұйрығымен (24.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Стандарт өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.06.2016 жылғы № 281 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Стандарт өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.07.2017 жылғы № 273 Бұйрығына сәйкес (24.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 19.04.2019 жылғы № 28 Бұйрығына сәйкес (15.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 24.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Стандарт күшін жойды 2021 жылғы 2 шілдеден бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.06.2021 жылғы № 59 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 24.05.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесің бір бөлігіне субсидия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – веб-порталы) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күн;
2) көрсетілетін қызметті берушінің банкке/даму банкіне/лизингтік компанияға және жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ілеспе хатпен хаттамадан үзінді көшірмені жолдауы – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті органы оң шешім қабылдағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күн;
3) көрсетілетін қызметті алушының жобасын веб-портал арқылы қарау-өтінім тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күн;
4) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 30 (отыз) минут;
5) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-20 (жиырма) минут.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ақпараттық жүйе оның өтінімін тіркеуден бас тартады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз/электронды түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті берушісі уәкілетті органының отырысы хаттамасынан үзінді көшірме не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз/электронды түрінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қағаз тасымалдағышта жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электронды нысанда ресімделеді және басылып шығарылады.
Полная версия
ИС BestProfi