1. «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бизнес-инкубациялау аясында жаңа бизнес-идеяларды және индустриалық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Внимание! Документ утратил силу с 02.07.2021
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығына 4-қосымша
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бизнес-инкубациялау аясында жаңа бизнес-идеяларды және индустриалық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 жылғы № 760 Бұйрығымен (24.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Стандарт өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.06.2016 жылғы № 281 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Стандарт өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 15.03.2017 жылғы № 118 Бұйрығымен (24.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.04.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 19.04.2019 жылғы № 28 Бұйрығына сәйкес (15.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 24.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Стандарт күшін жойды 2021 жылғы 2 шілдеден бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.06.2021 жылғы № 59 Бұйрығына сәйкес
Редакция 24.05.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі және «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы жүзеге асырылады;.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру бойынша:
көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 29 (жиырма тоғыз) жұмыс күн;
бизнес-инкубациялау аясында индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне гранттар беру бойынша:
көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 89 (сексен тоғыз) жұмыс күн;
2) ) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-20 (жиырма) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз/электронды түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: грант беру туралы шарт не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз/ электронды түрінде.
7. Жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.
Полная версия