Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.07.2021
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
 2015 жылғы 24 сәуірдегі
 № 352 бұйрығына
 5-қосымша
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 жылғы № 760 Бұйрығымен (24.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 19.04.2019 жылғы № 28 Бұйрығына сәйкес (15.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 24.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Стандарт күшін жойды 2021 жылғы 2 шілдеден бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.06.2021 жылғы № 59 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 24.05.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі және «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап 11 (он бір) жұмыс күн;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты 20 (жиырма) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз/электронды түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді көшірме не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз/ электронды түрінде.
7. Жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі:
1) 2015 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, дүйсенбіден бастап – жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
2) веб-портал – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыруға өтінім;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау және бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидаларына сәйкес техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі (2014 жылғы 8 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 тіркелген) (бұдан әрі – Ереже);
4) жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама (ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысымен);
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыруға электрондық өтінім;
2) Қағидаларға сәйкес техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі;
3) жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама (ведомстводан тыс кешені сараптаманың оң қорытындысымен);
Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінде құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) және веб-порталда тіркеу нөмірі құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.
10. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі» негіздері бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, іс-қимылдарына (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, іс-қимылдарына (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні және берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымында:
жеке тұлғалардың – аты-жөні, тегі, пошталық мекенжайы көрсетіледі;
заңды тұлғалардың - атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
Өтінішке көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекен-жайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымның қаралу нәтижесі туралы дәлелді жауап пошталық байланыс арқылы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол түрде көрсетілетін қызметті алушыға беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекен-жайы Министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтер арқылы, қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты алу мүмкіндігіне ие.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша анықтамалық қызметтің байланыс телефондары www.economy.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Бизнестің жол картасы-2020»
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде
өндірістік (индустриялық)
инфрақұрылымды дамыту бойынша
қолдау көрсету» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыруға өтінім
 ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) (заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы; көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), паспорт деректері) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (заңды тұлғаның орналасқан жері, пошталық мекенжайы; көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері) ____________________________________________________________________ жобаны іске асыру орны ____________________________________________________________________ (қала (аудан) коды көрсетілген байланыс телефонының нөмірі, электрондық пошта мекенжайы) ____________________________________________________________________ (банктік деректемелер) ____________________________________________________________________ (қызметтің бейінді бағыттарын көрсету) ____________________________________________________________________ (экономика саласын көрсету, экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша коды (ЭҚЖЖ) ____________________________________________________________________ (ұйым басшысы (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, байланыс телефоны) ____________________________________________________________________ жобаның жауапты орындаушысы (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, байланыс телефоны) ____________________________________________________________________ қажетті ақша қаражаты (меншікті қаражат, қарыз қаражаты) ____________________________________________________________________ инфрақұрылымды түзету немесе жақсарту қажеттілігінің негіздемесі.
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыруға арналған құжаттарды қарауға қатысу туралы мәлімдейді.
Көрсетілетін қызметті алушы жоғарыда көрсетілген көрсетілген шарттармен танысқан және Бағдарламаға сәйкес қажетті құжаттарды тіркейді.
Қолы (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы)
  20___жылғы «____» сағат «____» минут «___» ___________ № Өтінім
Мен өзім ұсынған мәліметтердің дұрыс екенін растаймын және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің және Конкурстық комиссияның мәліметтерді тексеруіне қарсы емеспін.
Көрсетілетін қызметті алушы осы өтінімге қол қою арқылы мынаны мәлімдейді және оған кепілдік береді:
1. Барлық деректер, ақпарат пен құжаттама шынайы болып табылады және төменде көрсетілген күнге шындыққа толық сәйкес келеді.
2. Көрсетілетін қызметті алушы жалған, толық емес және/немесе дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы ескертілді.
3. Көрсетілетін қызметті алушы өзінің жарғылық құзыреті осы өтінішке қол қоятын тұлғаға осы өтінішті беруге мүмкіндік беретінін растайды.
4. Көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда, осы өтінім көрсетілген деректердің дұрыс еместігін растайтын мәліметтер анықталған кез келген кезеңде кері қайтарылуы мүмкін екендігіне келісемін.
Көрсетілетін қызметті алушы осы арқылы мыналарға келісім береді:
1. Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі тексеру және қарау мақсатында осы өтінімде көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды мүдделі үшінші тұлғаларға ұсынуға құқылы.
2. Осы өтінімдегі барлық мәліметтер, сондай-ақ барлық талап етілген құжаттар «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыру үшін ғана ұсынылған.
3. Жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізу бойынша мемлекеттік қолдау шаралары ұсыну туралы мәселені қарау тәртібімен таныстым және келісемін.
  көрсетілетін қызметті алушы ________ (қолтаңбаның толық жазылуы)
«Бизнестің жол картасы-2020»
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде
өндірістік (индустриялық)
инфрақұрылымды
дамыту бойынша қолдау көрсету»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
Жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыру туралы электрондық өтініш
 ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) (заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы; көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), паспорт деректері) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (заңды тұлғаның орналасқан жері, пошталық мекенжайы; көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері) _________________________________________________________________ (банктік деректемелер) ________________________________________________________________

Жобаның атауы


 

Жобаның қысқаша сипаттамасы


 

Жобаны іске асыру орны


 

Қызметтің бейінді бағыттары

(* Жоба облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында іске асырылған жағдайда толтырылады)


 


 

Қажетті инфрақұрылым түрі


 

Құрылыс құны, мың теңге


 

Жобаның құны (инвестиция), мың теңге


 

3. Жоба бойынша күтілетін экономикалық әсер:

Жылдары

Факт

Болжам

ағымдағы жыл

1-жыл

2-жыл

3-жыл

Құрылатын жұмыс орындарының саны, адам


 


 

-

-

Салықтар түріндегі түсімдер сомасы, мың теңге


 


 


 


 

Шығарылатын өнім көлемі, мың теңге


 


 


 


 

Мен өзім ұсынған мәліметтердің дұрыс екенін растаймын және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің және Конкурстық комиссияның мәліметтерді іріктеп тексеруіне қарсы емеспін.
Маған жалған, толық емес және/немесе дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылық туралы ескертілді.
Көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда, осы өтінім көрсетілген деректердің дұрыс еместігін растайтын мәліметтер анықталған кез келген кезеңде кері қайтарылуы мүмкін екендігімен келісемін.
Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу туралы мәселені қарау тәртібімен таныстым және келісемін.
  Көрсетілетін қызметті алушы _________________[ электрондық цифрлық қолтаңбадан авто толтыру ].
Полная версия
ИС BestProfi