Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 22.02.2021
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
 міндетін атқарушының
 2015 жылғы 27 наурыздағы
 № 257 бұйрығына 1-қосымша
«Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт күшін жойды 2021 жылғы 22 ақпаннан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.02.2021 жылғы № 44 Бұйрығына сәйкес
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 жылғы № 23 Бұйрығына сәйкес (27.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 19.07.2016 жылғы № 325 Бұйрығына сәйкес (21.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.09.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Редакция 03.08.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.06.2019 жылғы № 453 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 04.07.2017 жылғы № 438 Бұйрығына сәйкес (19.07.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.06.2019 жылғы № 453 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Мемлекеттік қызметті Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 949 Бұйрығына сәйкес (04.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.06.2019 жылғы № 453 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама алу («Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде ақпарат болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға өтініш білдіреді) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.06.2019 жылғы № 453 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 04.07.2017 жылғы № 438 Бұйрығына сәйкес (19.07.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 949 Бұйрығына сәйкес (04.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама беру (тарихсыз/тарихымен) – 15 (он бес) минут;
жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама беру (тарихсыз/тарихымен) – 15 (он бес) минут;
жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне барып және мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, оны «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде міндетті тіркей отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжай беру туралы анықтама беру немесе жылжымайтын мүлік объектілерінің жою туралы анықтама беру – 6 (алты) жұмыс күні, немесе дәлелді бас тарту – 2 (екі) жұмыс күні.
Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынылады.
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты – 15 (он бес) минут;
Полная версия
ИС BestProfi