Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.07.2018
Тәулігіне екі мың текше метр және одан да көп көлемдегі өндірістік-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшін оларды барлау мен өндіруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіруге арналған рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 235 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 мамырда № 11034 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 29 шілдеден бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.05.2018 жылғы № 325 Бұйрығына сәйкес
«Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 19-бабының 18 тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Тәулігіне екі мың текше метр және одан да көп көлемдегі өндірістік-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшін оларды барлау мен өндіруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіруге арналған рұқсат беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев
2015 жылғы 7 сәуір
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
В. Школьник
2015 жылғы 3 сәуір
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 235 бұйрығымен
бекітілген
Тәулігіне екі мың текше метр және одан да көп көлемдегі өндірістік-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшін оларды барлау мен өндіруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіруге рұқсат беру қағидалары
1. Осы Тәулігіне екі мың текше метр және одан да көп көлемдегі өндірістік-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшін оларды барлау мен өндіруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жер асты суларын өндіруге арналған рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 19-бабы 18) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Қағидалар жеке немесе заңды тұлғаға тәулігіне екі мың текше метр және одан да көп көлемдегі өндірістік-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшін оларды барлау мен өндіруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде суды төмендету мақсатында жерасты суларын өндіруге рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) беру тәртібін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша айқындайды.
Осы Қағидалар жер қойнаудың пайдалануды келісімшартында жасалған жер қойнауын пайдалану келісімшарты шеңберінде жер қойнауын пайдаланушы жүзеге асыратын, тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде суды төмендету мақсатында жерасты суларын өндіруге қолданылмайды.
2. Ахуалдық схема ретінде тәулігіне екі мың текше метр және одан да көп көлемдегі өндірістік-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшін оларды барлау мен өндіруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіру үшін тағайындалған ұңғымалардың орналасқан орындарын және шекараларын айқындау мақсатында рұқсатқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдаланушы ұсынатын жер қойнауын пайдалану объектілерінің графикалық орналасу бейнесі ұғынылады.
Полная версия
ИС BestProfi