Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.07.2018
Осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау критерийлерін қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 422 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 маусымда № 11331 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 29 шілдеден бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.05.2018 жылғы № 325 Бұйрығына сәйкес
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің және осы тізілімге енгізу үшін бағалау өлшемдерін қоса алғанда, оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛГЕН»:
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
__________________ В. Школьник
2015 жылғы 27 сәуір
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 422 бұйрығымен бекітілген
Осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау критерийлерін қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру мен жүргізу қағидалар
1. Осы Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің және осы тізілімге енгізу үшін бағалау өлшемдерін қоса алғанда, оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 19-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленген және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау өлшемдерін қоса алғанда, оларды өндірушілердің тізілімін (бұдан әрі - тізілім) қалыптастыру және жүргізу тәртібін белгілейді.
2. Қағидаларда Заңда белгіленген ұғымдар мен анықтамалар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің сатып алуын мониторингі мен бақылауына, сондай-ақ электронды сатып алуды өткізу үшін және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін қалыптастыруға арналған мемлекеттік ақпараттық жүйе;
2) өндіруші - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды өндіретін және (немесе) жеткізетін және (немесе) жұмыстарды орындайтын және (немесе) қызметтерді көрсететін жеке немесе заңды тұлға.
3. Тізілімді индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы қалыптастырады және жүргізеді.
2. Тізілімді қалыптастыру және жүргізу тәртібі
4. Тізілімде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтердің қалыптастырылуы жер қойнауын пайдаланушыларымен ұсынылатын Заңның 19 бабының 22) тармағына сәйкес бекітілген нысан бойынша және тәртіппен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жылдық сатып алу бағдарламаларының мәліметтері негізінде жүзеге асырылады.
5. Тізілімді қалыптастыру және жүргізу деп:
1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер туралы мәліметтерді тізілімге енгізу;
2) өндірушілер ұсынған мәліметтер өзгерген кезде, сондай-ақ өндірушілер тізілімнен шығарылған кезде тізілімді жаңарту;
3) жер қойнауын пайдаланушылар ұсынған мәліметтер өзгерген кезде тізілімді жаңарту;
4) тізілімді «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесіне орналастыру түсініледі.
6. Жергілікті (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдар облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында өндірілетін тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізбесін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес, ЭЦҚ қолы қойылған электрондық түрде тоқсан сайын уәкілетті органға ұсынады.
7. Уәкілетті орган тізілімді қалыптастыру және жүргізу мақсатында жергілікті (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдар ұсынған мәліметтерде көрсетілген өндірушілерге оларды және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын, олар ұсынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді тізілімге енгізу мүмкіндігі туралы хабарлама жіберіледі.
8. Тізілімде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді қалыптастыру үшін мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бірлесіп бекітілген нысан мен мерзім бойынша өз қызметін көмірсутек шикізатын барлау және (немесе) табуға арналған келісімшарттар бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламалары бойынша жалпы ақпаратты уәкілетті органға ұсынады.
9. Тізілімде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндірушілер туралы мәліметтерді қалыптастыру үшін өндіруші ерікті негізде:
1) тіркеу сауалнамасын электрондық түрде толтыру жолымен «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесінде тіркеледі;
2) электрондық түрде немесе электрондық көшірме түрінде қағаз тасығышта басшы немесе өзге уәкілетті адам қол қойған және мөрмен куәландырылған тіркеу сауалнамасын, сондай-ақ заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәліктің көшірмесін уәкілетті органға ұсынады. Резидент еместер сауда тізілімінен ресмиленген көшірмені немесе шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа ресмиленген, мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар құжатты ұсынады;
3) осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес ұсынылатын пайдаланушының атын және құпия сөзін қолдана отырып ұсынылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесіне енгізеді.
1) өндірушіден құжаттарды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 9-тармағы 2) тармақшасына сәйкес өндірушінің осы Қағидалардың 11-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген өлшемге сәйкестігін тексереді және «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы пайдаланушының атын және құпия сөзін өндірушінің сауалнамасында көрсетілген электрондық мекенжайға жібереді;
2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын, ұсынылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы мәліметтерді өндіруші енгізгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы өндірушінің осы Қағидалардың 11-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген өлшемге сәйкестігін тексереді;
3) ол осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген өлшемдерге сәйкес болған жағдайда, өндірушіні «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы тізілімге енгізеді.
11. Мыналар тізілімге енгізу үшін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндірушіні бағалау өлшемдері болып табылады:
1) заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде тіркелу;
2) осы Қағидалардың 9-тармағы 3) тармақшасына сәйкес өндіруші көрсеткен тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жылдық сатып алу бағдарламаларында болуы немесе жер қойнауын пайдаланушылардын жылдық есептерінде өткен жылда сатып алынған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер.
12. Тізілімді жаңарту өндірушілер, жер қойнауын пайдаланушылар ұсынған мәліметтер өзгерген кезде, сондай-ақ өндірушілері тізілімнен шығарылған кезде жүзеге асырылады.
13. Уәкілетті орган өндірушіні мынадай жағдайларда тізілімнен шығаруды жүзеге асырады:
3) осы Қағидалардың 11-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген өндірушіні сәйкес келмейтін өлшемге алып келетін, өндірушілермен, жер қойнауын пайдаланушылармен ұсынылған мәліметтері өзгергенде.
14. Осы Қағидалардың 13-тармағы 2) тармақшасында белгіленген негіздері бойынша өндірушінің бастамашылығымен тізілімнен алып тастау үшін, ол уәкілетті органға оны тізілімнен еркін нысан бойынша алып тастау туралы өтініш ұсынады.
Уәкілетті орган өтінішті алғаннан кейін және (немесе) осы Қағидалардың 13-тармағы 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген оқиға болған жағдайда үш жұмыс күн аралығында «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйе құралымен тізілімнен алып тастайды.
15. Тізілім «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесінде осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша орналастырылады.
Осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау
критерийлерін қоса алғанда, жер қойнауын
пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу
кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар
мен көрсетілетін қызметтердің және оларды
өндірушілердің тізілімін қалыптастыру мен
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Облыстар аумағында (республикалық маңызы бар қалалар, астана) өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесі
 

1.

Өндірушінің атауы





2.

Облыс





3.

Қала (елді мекен)





4.

Көше, үй, кеңсе





5.

Телефон





6.

Электрондық мекенжайы





7.

Интернет-ресурс





8.

Персоналдың жалпы саны





9.

Қазақстан Республикасының резиденті





 (Бірінші басшының немесе оны (қолы) алмастыратын адамның Т.А.Ә.А.)
Осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау
критерийлерін қоса алғанда, жер қойнауын
пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу
кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар
мен көрсетілетін қызметтердің және оларды
өндірушілердің тізілімін қалыптастыру мен
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесі
 

Р/с

ӨСК 1 бойынша тауардың, жұмыстың/көрсетілетін қызметтің атауы және коды

Тауардың, жұмыстың/көрсетілетін қызметтің қосымша сипаттамасы

СТ- KZ 2 сертификаттын бар болуы

















1 Қазақстан Республикасы өнімінің статистикалық жіктеуіші
Полная версия
ИС BestProfi