Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.10.2021
"Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 174 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 мамырдағы № 10939 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 10 қазаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.08.2021 жылғы № ҚР ДСМ-72 Бұйрығы​на сәйкес  
Редакция 06.07.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға  және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он  күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшелік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі Е. Досаев
"КЕЛІСІЛГЕН"
 Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі
  __________ Т. Дүйсенова
 2015 жылғы 4 сәуір
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
 2015 жылғы 28 ақпандағы
 № 174 бұйрығымен
 бекіткен
«Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын  санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.07.2020 жылғы № ҚР ДСМ-78/2020 Бұйрығына сәйкес (28.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы «Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді, өндірістік мақсаттағы ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды жобалауға, салуға, реконструкциялауға және пайдалануға, оларда жұмыс істейтін адамдардың жұмыс орындарына, еңбек жағдайларына, тұрмыстық қызмет көрсетілуіне, медициналық қамтамасыз ету мен тамақтануына қойылатын талаптарды айқындайды.
2. Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мыналарды:
1) өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға қойылатын талаптарды;
2) өндірістік ғимараттар мен құрылыстарға қойылатын талаптарды;
3) өндірістік объектілердегі технологиялық процестерге және жабдықтарға қойылатын талаптарды;
Полная версия
ИС BestProfi