1. Осы акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – заң) 13-бабының 4-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу және ұсыну тәртібін айқындайды (бұдан әрі - – Даму жоспарының орындалуы жөніндегі есеп).
Внимание! Документ утратил силу с 16.06.2025
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 139 бұйрығымен бекітілген
Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 08.08.2018 жылғы № 8 Бұйрығымен (26.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.03.2019 жылғы № 17 Бұйрығымен (08.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 19.12.2019 жылғы № 95 Бұйрығымен (06.03.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 01.11.2021 жылғы № 96 Бұйрығымен (19.12.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 20.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.03.2022 жылғы № 28 Бұйрығына сәйкес (01.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Бұйрық 2025 жылдың 16 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 02.06.2025 жылғы № 48 Бұйрығына сәйкес
Редакция 14.05.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 02.05.2024 жылғы № 22 Бұйрығына сәйкес (30.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) компания – акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар;
2) қызметтің түйінді көрсеткіші – даму жоспарының мақсатына қол жеткізу деңгейін айқындауға мүмкіндік беретін сандық тұрғыдан өлшенетін көрсеткіш;
3) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) – Заңның 1-бабының 21) тармақшасына сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру және есепке алу саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыру жөніндегі міндеттер, сондай-ақ мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін басқару және пайдалану жөніндегі функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша айқындалған, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға;
4) электрондық есеп – Тізілімнің веб-порталында дайындалған және ұлттық куәландырушы орталық берген компанияның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылатын даму жоспарының орындалуы жөніндегі есеп.
2-тарау. Даму жоспарының орындалуы жөніндегі есепті әзірлеу және ұсыну тәртібі
3. Даму жоспарының орындалуы жөніндегі есеп мынадай тәртіппен:
1) бірінші рет - жылдар бойынша бөле отырып, үш жыл үшін;
2) екінші рет - жылдар бойынша бөле отырып, алты жыл үшін;
3) үшінші рет - соңғы төрт жыл бойынша бөле отырып және он жыл ішінде даму жоспарын іске асыру қорытындылары бойынша он жыл үшін әзірленеді және ұсынылады.
4. Даму жоспарының орындалуы жөніндегі есеп мынадай :
1) Қызметтің стратегиялық бағыттарына, мақсаттарына, міндеттеріне және қызметтің түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу бөлімінен тұрады. Осы бөлім осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес кестені ұсына отырып, қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері бойынша қызметтің жоспарланған және нақты қол жеткізілген түйінді көрсеткіштері туралы, оларға қол жеткізбеу себептері туралы ақпаратты қамтиды;
2) еркін нысанда жасалатын және мынадай мәліметтерді:
қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері бойынша қызметтің жоспарланған түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу дәрежесі туралы ақпаратты (нақты нәтижелердің жоспарланған нәтижелерден ауытқулары болған кезде түпкілікті нәтижелерге әсер еткен себептер мен факторларды ашу қажет), даму жоспарын іске асыруға факторлардың әсерін бағалауды, сондай-ақ даму жоспарын іске асырудың саланың, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін бағалауды;
даму жоспарын іске асыру процесінде туындаған проблемаларды, қызметтің мақсаттары мен түйінді көрсеткіштеріне олардың әсерін, сондай-ақ даму жоспарын уақтылы іске асыруды қамтамасыз ету бойынша қабылданған шараларды;
қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері бөлінісінде есепті кезеңдегі даму жоспарын іске асыру қорытындылары туралы тұжырымдарды;
даму жоспарын одан әрі іске асыру, оны түзету, даму жоспарын іске асыру процесінің тиімділігін арттыру, даму жоспарын іске асыру бойынша анықталған проблемаларды шешу жөніндегі ұсыныстарды қамтитын талдамалық жазба бөлімінен тұрады.
5. Даму жоспарының орындалуы жөніндегі есепті әзірлеу және бекіту жылдық аудиттелген қаржылық есептілік бекітілгеннен кейін мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
5-тармақ жаңа редакцияда ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 02.05.2024 жылғы № 22 Бұйрығына сәйкес (30.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) жылдық аудиттелген қаржылық есептілік бекітілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде атқарушы орган Бірыңғай оператор әзірлеген Тізілімнің веб-порталында Даму жоспарының орындалуы жөніндегі есептің жобасын әзірлеуді жүзеге асырады және оны компанияның директорлар кеңесінің қарауына енгізеді.
Компанияның директорлар кеңесі он бес жұмыс күні ішінде Даму жоспарының орындалуы жөніндегі есептің жобасын қарайды және оны бекіту туралы не пысықтау үшін атқарушы органға қайтару туралы шешім қабылдайды.
Ескертулер болса, атқарушы орган Даму жоспарының орындалуы жөніндегі есептің жобасын компанияның директорлар кеңесі айқындаған, бірақ ескертулерді алған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде пысықтайды және оны компанияның директорлар кеңесінің қарауына қайта ұсынады;
2) Даму жоспарының орындалуы жөніндегі есептің жобасы компанияның директорлар кеңесінің отырысында бекітіледі.
6. Атқарушы орган даму жоспарының орындалуы жөніндегі есепті бекіту мәселесі бойынша компанияның директорлар кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді көшірмені алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық есепке компанияның директорлар кеңесі оны бекіту туралы шешімінің сканерленген көшірмесін қоса бере отырып, Мемлекеттік мүлік тізіліміне (бұдан әрі – тізілім) енгізу үшін бірыңғай операторға электрондық есепті жібереді, сондай-ақ осы есепті даму жоспарының іске асырылуына мониторинг жүргізу үшін тиісті саланың уәкілетті органына қағаз түрінде жібереді.
7. Бірыңғай оператор электрондық есепті Тізілімге енгізуді ол келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде компанияның электрондық мекенжайына электрондық есепті Тізілімге енгізу туралы хабарлама жібере отырып жүзеге асырады.
Бірыңғай оператордың электрондық есепке ескертулері болған кезде компания ескертулерді жояды және ескертулерді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде компанияның директорлар кеңесінің қарауына қайта шығармай, оны бірыңғай операторға қайта енгізеді.
8. Есепті кезеңнен кейінгі төртінші айдың отызыншы күніне дейін бекітілген жылдық аудиттелген қаржылық есептілік болмаған жағдайда атқарушы орган Бірыңғай оператор әзірлеген Тізілімнің веб-порталында Даму жоспарының орындалуы жөніндегі есептің жобасын (жедел деректер бойынша) әзірлеуді жүзеге асырады және электрондық есепті (жедел деректер бойынша) Бірыңғай операторға есепті кезеңнен кейінгі алтыншы айдың бірінші күнінен кешіктірмей Тізілімге енгізу үшін жібереді.
8-тармақ жаңа редакцияда ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 02.05.2024 жылғы № 22 Бұйрығына сәйкес (30.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Электрондық есеп (жедел деректер бойынша) осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес Тізілімге енгізу үшін ұсынылады.
Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларына қосымша
Қызметтің стратегиялық бағыттарына, мақсаттарына, міндеттеріне және қызметтің түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу
|
Стратегиялық бағыттың (бұдан әрі – ҚСБ)атауы |
Мақсаты |
Міндеттері |
Қызметтің түйінді көрсеткішінің (бұдан әрі - ҚТК)атауы* |
Өлшем бірлігі |
ҚТК мәні |
Орындалмау себептері (толық емес көлемде орындау) |
||||||||
|
20 _ _ жыл |
20 n жыл |
|
||||||||||||
|
жоспары |
факт |
% ауытқу |
жоспары |
факт |
% ауытқу |
|
||||||||
|
1 ҚСБ |
1 мақсат |
1 міндет n тапсырма |
ҚТК 1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|||
|
ҚТКn |
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||
|
2 ҚСБ |
n мақсаты |
1 міндет n тапсырма |
ҚТК 1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|||
|
ҚТКn |
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||
Ескертпе
* қызметтің негізгі көрсеткіші компанияның мақсаттары мен міндеттеріне байланыстырылады
Полная версия

