«Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен шығатын және шетелге жіберілетін архивтік анықтамаларға, архивтік құжаттардың көшірмелеріне немесе архивтік үзінділерге апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 27.01.2016 жылғы № 16 Бұйрығына сәйкес (17.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Стандарт өзгертілді ҚР Мәдениет және спорт министрінің 07.03.2017 жылғы № 57 Бұйрығымен (27.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 11.01.2018 жылғы № 14 Бұйрығына сәйкес (07.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Стандарттың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 13.05.2019 жылғы № 133 Бұйрығына сәйкес (11.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 16 маусымнан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.05.2020 жылғы № 159 Бұйрығына сәйкес
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен шығатын және шетелге жіберілетін архивтік анықтамаларға, архивтік құжаттардың көшірмелеріне немесе архивтік үзінділерге апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 13.05.2019 жылғы № 133 Бұйрығына сәйкес (11.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен шығатын және шетелге жіберілетін архивтік анықтамаларға, архивтік құжаттардың көшірмелеріне немесе архивтік үзінділерге апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен (бұдан әрі – Министрлік) әзірленді.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 13.05.2019 жылғы № 133 Бұйрығына сәйкес (11.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 13.05.2019 жылғы № 133 Бұйрығына сәйкес (11.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) басқа өңірлердің Мемлекеттік корпорация бөлімшелері үшін – пошталық жөнелтілімдерді ескере отырып 10 (он) жұмыс күні (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді;
4) көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсыру үшін барынша жол берілетін күту уақыты – 15 (он бес) минут;
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысына қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен шығатын және шетелге жіберілетін архивтік анықтамалардағы, архивтік құжаттардың көшірмелеріндегі немесе архивтік үзінділердегі апостиль мөртаңбасы, не стандарттың 10-тармағымен көзделген негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
6-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 13.05.2019 жылғы № 133 Бұйрығына сәйкес (11.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)