«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 24.07.2021
«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 232 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 мамырда № 11037 тіркелді
Оыс Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.03.2019 жылғы № ҚР ДСМ-10 Бұйрығына сәйкес (03.09.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 24 шілдеден бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.07.2021 жылғы № ҚР ДСМ-58 Бұйрығына сәйкес
Редакция 29.04.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.03.2019 жылғы № ҚР ДСМ-10 Бұйрығына сәйкес (03.09.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Е. Досаев
"КЕЛІСІЛГЕН" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Әлеуметтік даму министрі ____________ Т.Дүйсенова 2015 жыл 13 сәуір
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 232 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.03.2019 жылғы № ҚР ДСМ-10 Бұйрығына сәйкес (03.09.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 жылғы № ҚР ДСМ-9 Бұйрығына сәйкес (19.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалар (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 144-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және үй-жайларға және жабдықтарға, ғимараттарды жобалауға, құрылысына, еңбек жағдайларына, тұрмыстық қызмет көрсетуге, стерилдеу және дезинфекция жүргізу жағдайларына, сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жарықтандыруға және желдетуге, дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерде өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.03.2019 жылғы № ҚР ДСМ-10 Бұйрығына сәйкес (03.09.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Санитариялық қағидалар Қазақстан Республикасының аумағында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы барлық объектілерге қолданылады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.03.2019 жылғы № ҚР ДСМ-10 Бұйрығына сәйкес (03.09.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ алынып тасталды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 жылғы № ҚР ДСМ-9 Бұйрығына сәйкес (19.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.03.2019 жылғы № ҚР ДСМ-10 Бұйрығына сәйкес (03.09.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«1) асептикалық жағдайлар – технологиялық үдерістің барлық кезеңдерінде дайын өнімге микроорганизмдердің немесе механикалық бөлшектердің түсуін болдырмайтын, стерилді дәрілік заттарды дайындау жағдайлары;
Полная версия