Близость слов: Окончание:





Магистральдық теміржол желiсiн пайдалану қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 366 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 маусымда № 11257 тіркелді
Редакция 31.05.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған магистральдық теміржол желiсiн пайдалану қағидалары бекiтілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықты заңнамамен бекітілген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________ Е. Досаев
2015 жылғы 30 сәуір
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
 2015 жылғы 27 наурыздағы
 № 366 бұйрығымен
 бекітілген
Магистральдық темiржол желiсін пайдалану қағидалары
1. Осы Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Теміржол көлiгi туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 14-бабы 2-тармағының 34-10) тармақшасына сәйкес әзірленді және магистральдық теміржол желісін пайдалануды тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) арнайы поездар – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерекше талаптар бойынша тағайындалатын жолаушыларды және/немесе аса маңызды әскери немесе стратегиялық жүктерді тасымалдауға арналған поездар;
2) график тармағы – поездың жөнелту, межелі және баратын пункттері, жөнелту, келу, технологиялық тұрақтар уақыты, орташа жүріс уақыты, сондай-ақ поездың басқа да техникалық параметрлері көрсетілген жүру маршрутының графикпен бейнеленуі;
Полная версия
ИС BestProfi