«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 96), 97) тармақшаларына және 49 және [[50-баптарына|521096815]] сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 16.02.2018
Жедел медициналық көмек көрсету және санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 269 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 маусымда № 11263 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылдың 16 ақпанынан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 08.01.2018 жылғы № 2 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Жедел медициналық көмек көрсету және санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенов
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қ. Қасымов_______________ 2015 жылғы 4 мамыр
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 269 бұйрығымен бекітілген
Жедел медициналық көмек көрсету және санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жедел медициналық көмек көрсету және санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) медициналық көмектің көрсетілген түрлерін Қазақстан Республикасында көрсету тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) белсенді бару – дәрігердің бастамасы бойынша науқастың үйіне дәрігердің баруы;
2) жедел медициналық көмек (бұдан әрі - ЖМК) – денсаулыққа келетін елеулі зиянды болдырмау (немесе) өмірге төнген қатерді жою үшін шұғыл медициналық көмекті талап ететін аурулар мен жай-күй туындаған кезде, сондай-ақ кейіннен транспланттау үшін ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) тасымалдау қажет болған кезде медициналық көмек ұсыну нысаны;
3) ЖМК, санитариялық авиацияның аға дәрігері – «емдеу ісі» немесе «педиатрия» мамандықтары бойынша дипломы және «жедел медициналық жәрдем», «анестезиолог және реаниматолог» мамандықтары бойынша сертификатымен жоғары медициналық білімі, шұғыл және жедел медициналық көмек бойынша тәжірибесі, даярлығы және мамандандыруы, мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі бар, емдеу, реанимация және қарқынды терапия әдістерін игерген, мамандығы бойынша бірінші немесе жоғарғы біліктілік санаты бар дәрігер;
4) ЖМК, санитариялық авиацияның аға фельдшер-диспетчері – ЖМК көрсету туралы шақыртуларды қабылдау, өңдеу және беру бойынша функцияларды жүзеге асыратын медициналық маман («емдеу ісі» мамандығы бойынша дипломы және «жедел медициналық жәрдем» мамандығы бойынша сертификатымен орта медициналық білімі бар маман);
Полная версия