Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 14.06.2020
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
 Әділет министрінің
 2015 жылғы 24 сәуірдегі
 № 231 бұйрығына
 2-қосымша
«Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты
Стандарт өзгертілді ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 жылғы № 54 Бұйрығымен (24.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 28.09.2018 жылғы № 1461 Бұйрығына сәйкес (10.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 14 маусымнан бастап ҚР Әділет министрінің м.а. 28.05.2020 жылғы № 61 Бұйрығына сәйкес
Редакция 30.11.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. «Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).
2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi – Министрлiк) әзiрледi.
3. Мемлекеттiк қызметті Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкiметтің» веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:
лицензия беру кезiнде – 15 (он бес) жұмыс күнi;
лицензияны қайта ресiмдеу кезiнде – 3 (үш) жұмыс күнi;
лицензияның телнұсқасын беру кезiнде – 2 (екi) жұмыс күнi;
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәтінен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
4-тармақтың алтыншы абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің м.а. 08.11.2019 жылғы № 540 Бұйрығына сәйкес (28.09.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық.
6. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi – адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтер көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап беру.
Мемлекеттік қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының порталына жіберіледі және «жеке кабинетінде» электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылып сақталады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін ұсыну нысаны: электрондық.
7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.
Полная версия
ИС BestProfi