Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.10.2018
Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлердің лауазымдарға конкурстық орналасуы қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 230 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 мамырда № 11122 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 18 қазаннан бастап ҚР Білім және ғылым министрінің 04.10.2018 жылғы № 536 Бұйрығына сәйкес
Редакция 26.06.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 36) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлердің лауазымдарға конкурстық орналасуы қағидалары бекітілсін.
2. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ж.Қ. Шаймарданов) заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейін ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 230 бұйрығымен бекітілген
Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің лауазымдарға конкурстық орналасуы қағидалары
1-бөлім. Жалпы ережелер
1-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 26.06.2017 жылғы № 305 Бұйрығына сәйкес (23.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің лауазымдарға конкурстық орналасуы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 36) тармағына сәйкес әзірленген және меншік нысанына қарамастан жоғары оқу орындарының штаттық кестесінде қарастырылған (бұдан әрі – штаттағы лауазымдар) жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің лауазымдарға конкурстық орналасуы тәртібін анықтайды.
2. Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің лауазымдарға конкурстық орналасуы бос лауазым орыны бар жоғары оқу орнымен (бұдар әрі - жоо) жүзеге асырылады.
3. Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің лауазымдарға конкурстық орналасуына тиісті бейіндері бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын (бұдан әрі – үлгілік біліктілік сипаттамалары) бекіту туралы» 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген талаптарға сәйкес адамдар жіберіледі (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5750 тіркелген)
Өнер, мәдениет және спорт саласындағы жоғары оқу орындарының қауымдастырылған профессорлар (доцент), профессорлар лауазымдарына орналасу конкурсына тиісті ғылыми атағы мен ғылыми дәрежесі жоқ, бірақ осы мамандық бойынша танылғын жетістіктерге ие мамандар жіберіледі.
4. Жоғары оқу орындарында профессор-оқытушы құрамының және ғылыми қызметкерлерінің бос лауазымы болған жағдайда тиісті жоғары оқу орны құжаттарды қабылдау аяқталған күнге дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында, интернет-ресурстарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 26.06.2017 жылғы № 305 Бұйрығына сәйкес (23.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi