«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес теңіз көлігі мамандарын даярлау куәліктерінің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 362 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 мамырда № 11173 тіркелді
Редакция 09.01.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес теңіз көлігі мамандарын даярлау куәліктерінің тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес теңіз көлігі мамандарын даярлау куәліктерінің нысандары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысы Ж. Қасымбек КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі ________________ А. Сәрінжіпов 2015 жылғы «___» ___________ КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі ________________ Т. Дүйсенова 2015 жылғы «___» ___________ КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі ________________ Қ. Қасымов 2015 жылғы 15 сәуір
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылдың 27 наурыздағы № 362 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес теңіз көлігі мамандарын даярлау куәліктерінің тізбесі
Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 19.06.2018 жылғы № 458 Бұйрығына сәйкес (27.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.12.2020 жылғы № 666 Бұйрығына сәйкес (19.06.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) «Бастапқы даярлау»;
2) «Шапшаң кезекші қайықшалар болып табылмайтын, құтқару қайықшалары мен салдар және кезекші қайықшалар бойынша маман»;
3) «Шапшаң кезекші қайықшалар бойынша маман»;
4) «Кеңейтілген бағдарлама бойынша өртпен күрес»;
Полная версия