Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.07.2018
Барлауға арналған үлгілік келісімшарт нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 409 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 мамырда № 11179 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 29 шілдеден бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.05.2018 жылғы № 325 Бұйрығына сәйкес
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 27-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған барлауға арналған үлгілік келісімшарт нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті (Т.С. Тоқтабаев):
1) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі   Ә. Исекешев

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 23 сәуір

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_____________ Е. Досаев
2015 жылғы 6 мамыр

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
_____________ В. Школьник
2015 жылғы 10 сәуір
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 министрінің
 2015 жылғы 31 наурыздағы
 № 409 бұйрығымен
 бекітілген
_____________________________________________________________________
                 (блок координатын (-тарын) көрсетіңіз)
_____________________________________________________________________
                (әкімшілік аумақтық бірлікті көрсетіңіз)
көмір мен ураннан басқа, қатты пайдалы қазбаларды барлауға
арналған Үлгілік келісімшарт (бұдан әрі - Үлгілік келісімшарт) одан
Полная версия
ИС BestProfi