Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 25.10.2020
Данный документ находится в процессе изменения
Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 маусымда № 11369 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 25 қазаннан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.10.2020 жылғы № 515 Бұйрығына сәйкес  
Редакция 30.11.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Кеме экипаждың ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 жылғы № 45 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 10.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша алынып тасталды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.08.2019 жылғы № 661 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 19.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақша алынып тасталды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.08.2019 жылғы № 661 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 19.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Кеменің, шағын көлемді кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлiктер беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Шағын көлемді кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік кеме тізілімінде ішкі суда жүзетін кемелерді, «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Жалға алынған шетел кемелерінің тізілімінде жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді мемлекеттік тіркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың 
интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
________________ Е. Досаев 
2015 жылғы 16 мамыр
Полная версия
ИС BestProfi