Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.12.2020
Патологиялық-анатомиялық диагиостиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ережені және Патологиялық-анатомиялық ашып қарауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 97 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 наурызда № 10577 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 31 желтоқсаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 14.12.2020 жылғы № ҚР ДСМ-259/2020 Бұйрығына сәйкес  
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 56-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) 1-қосымшаға сәйкес Патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ереже;
2) 2-қосымшаға сәйкес Патологиялық-анатомиялық ашып қарауды жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
 2015 жылғы 25 ақпандағы
 № 97 бұйрығына
 1-қосымша
Патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ереже
1. Осы патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 56-бабының 3-тармағына сәйкес әзерленді және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) құрылымдық бөлімшелерінің құрылымы мен өкілеттіктерін айқындайды.
2. Патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары мен құрылымдық бөлімшелеріне: патологиялық-анатомиялық бюролар, денсаулық сақтау ұйымдарының орталықтандырылған патологиялық-анатомиялық бөлімшелері мен стационарлық көмек көрсететін патологиялық-анатомиялық бөлімшелері жатқызылады.
2. Патологиялық-анатомиялық бюроның қызметін ұйымдастыру, міндеттері мен функциялары
3. Патологиялық-анатомиялық бюро (бұдан әрі - ПАБ) патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы болып табылады.
4. ПАБ-тың құрамына мынадай құрылымдық бөлімшелер кіреді:
Полная версия
ИС BestProfi