1. Осы Қағидалар «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл – ауқат қоры» акционерлік қоғамын (бұдан әрі – Қор), акционері мемлекет болып табылатын ұлттық холдингтерді, ұлттық компанияларды қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтердің іс-шаралар жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау тәртібін (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) айқындайды.
Внимание! Документ утратил силу с 16.06.2025
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 149 бұйрығымен бекітілген
Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.08.2015 жылғы № 597 Бұйрығымен (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.10.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Қағидалар ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.01.2017 жылғы № 30 Бұйрығымен (06.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 08.08.2018 жылғы № 8 Бұйрығына сәйкес (30.01.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.03.2019 жылғы № 17 Бұйрығымен (08.08.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.03.2022 жылғы № 28 Бұйрығына сәйкес (06.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Бұйрық 2025 жылдың 16 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 02.06.2025 жылғы № 48 Бұйрығына сәйкес
Редакция 26.11.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 02.05.2024 жылғы № 22 Бұйрығына сәйкес (30.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) атқарушы орган – алқалы орган немесе атауы компанияның жарғысында айқындалатын атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға;
2) іс-шаралар жоспары – ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг және ұлттық компания қызметінің негізгі бағыттары мен қаржы-шаруашылық қызметінің бесжылдық кезеңге арналған көрсеткіштерін айқындайтын құжат;
3) компания – Қорды қоспағанда, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, компаниялар;
4) электрондық есеп – ұлттық куәландырушы орталық берген және мемлекеттік мүлік тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) енгізу үшін дайындалған, компанияның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылатын іс-шаралар жоспарының мәтінін, сондай-ақ қоса берілетін іс-шаралар жоспарының нысандары мен тізбесін және/немесе қосымшаларымен оның іске асырылуын бағалауды және/немесе тиісті саланың уәкілетті органы басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылатын іс-шаралар жоспарының іске асырылуын мониторингтеу нәтижелерін қамтитын есеп.
2-тарау. Компанияның іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту тәртібі
3. Компанияның іс-шаралар жоспарының жобасы оның даму жоспарын іске асыру мақсатында бесжылдық кезеңге бір рет әзірленеді және Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында (аумақтарды дамыту бағдарламаларында), мемлекеттік органдардың даму жоспарларында жазылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, тиісті саланың уәкілетті органдарымен және әлеуметтік-экономикалық даму болжамында көрсетілген бюджеттік параметрлерге сәйкестігі тұрғысынан бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі және оны директорлар кеңесі бекітеді.
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 02.05.2024 жылғы № 22 Бұйрығына сәйкес (30.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Іс-шаралар жоспарының жобасын әзірлеу кезінде қызмет тиімділігінің түйінді көрсеткіштерінің даму жоспарындағы қызмет тиімділігінің түйінді көрсеткіштеріне, оның ішінде жылдар мен мәндер бойынша сәйкестігі қамтамасыз етіледі.
4. Компанияның іс-шаралар жоспары акциялары (қатысу үлестері) компанияға осы заңды тұлғалар қабылдайтын шешімдерді айқындау құқығын беретін заңды тұлғалардың іс-шаралар жоспарларын ескере отырып әзірленеді және мақсаттарды, міндеттерді, нәтижелер көрсеткіштерін және негізгі шоғырландырылған және шоғырландырылмаған көрсеткіштерді қамтиды
инвестицияларды, кірістерді, шығыстарды, қарыздарды, дивидендтерді (бюджетке аударылуға жататын таза кірістің бір бөлігі), қаржылық орнықтылық көрсеткіштерін және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес іс-шаралар жоспары бөлімдерінің құрылымына, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсеткіштер тізбесіне сәйкес көзделетін басқа да мәліметтерді қоса алғанда, қаржы-шаруашылық қызметтің өзге де түрлеріне қолданылмайды.
Компанияның іс-шаралар жоспарында пайдаланылатын қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерінің, оның ішінде акциялары (қатысу үлестері) компанияға осы заңды тұлғалар қабылдайтын шешімдерді айқындау құқығын беретін заңды тұлғалар борышының деңгейінің толық тізбесі мен нысаналы мәндерін компания айқындайды.
Акциялары (қатысу үлестері) компанияға шешімдерді айқындау құқығын беретін заңды тұлғаларға қатысты осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес іс-шаралар жоспары көрсеткіштерінің тізбесінде көрсетілген нысандар тек ақпараттық сипатта болады және компанияның директорлар кеңесінің бекіту нысанасы болып табылмайды.
5. Жоспарланып отырған тиісті кезеңге арналған іс-шаралар жоспарының жобасын әзірлеуді компанияның атқарушы органы мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) әзірлеген Тізілімнің веб-порталында жүзеге асырады. Бұл ретте бірінші жоспарланатын жылдың қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері толық (таратылып жазылған) түрде, кейінгі жоспарланатын жылдардың қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері жылдар бойынша бөліністе біріктірілген (жиынтық) түрде көрсетіледі.
5-тармақ жаңа редакцияда ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 02.05.2024 жылғы № 22 Бұйрығына сәйкес (30.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Компанияның атқарушы органы жоспарланып отырған бес жылдық кезеңнің алдындағы жылдың бірінші қазанынан кешіктірмей іс – шаралар жоспарының жобасын мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) қарау мен келісуді енгізеді.
Тиісті саланың уәкілетті органы іс-шаралар жоспарының жобасын ол келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қарайды.
Полная версия

