Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.03.2018
Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түсімдерін аудару мен есепке алудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 257 бұйрығы.
 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 мамырда № 10989 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 31 наурыздан бастап ҚР Қаржы министрінің 20.02.2018 ж. № 244 Бұйрығына сәйкес
Редакция 09.12.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 138-бабының 11-тармағына, 140-бабының 2-тармағына, 141-бабының 6 және 8-тармақтарына, 154-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйырыққа 1-қосымшаға сәйкес Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын, аванстық төлемдердің сомаларын бюджетке аудару, қайтару (есепке жатқызу) қағидалары;
2) осы бұйырыққа 2-қосымшаға сәйкес Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың бюджетке түсуін есепке алу, сондай-ақ төлеушілердің жеке шоттарын жүргізу қағидалары;
3) осы бұйырыққа 3-қосымшаға сәйкес төлеушілердің кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түрлері бойынша жеке шоттарының нысаны;
4) осы бұйырыққа 4-қосымшаға сәйкес кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша салыстыру актісінің нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесіне жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет–ресурстарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының  Қаржы министрі Б. Сұлтанов 
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
 2015 жылғы 3 сәуірдегі
 № 257 бұйрығына
 1-қосымша
Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын, аванстық төлемдердің сомаларын бюджетке аудару, қайтару (есепке жатқызу) қағидасы
1. Осы Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын, аванстық төлемдердің сомаларын бюджетке аудару, қайтару (есепке жатқызу) қағидасы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 138-бабының 11-тармағына, 154-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды және өсімпұлдарды бюджетке аудару, олардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын бюджеттен, аванстық төлемдердің сомаларын қайтару (есепке жатқызу) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
1) мемлекеттік кірістер органдары – облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері (мемлекеттік кірістер департаменттері) кедендер және кеден бекеттері;
Полная версия
ИС BestProfi