1. «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Внимание! Документ утратил силу с 18.04.2020
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығына 6-қосымша
«Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 26.07.2017 жылғы № 113 Бұйрығына сәйкес (23.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 18 сәуірден бастап ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 31.03.2020 жылғы № 97 Бұйрығына сәйкес
Редакция 09.08.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі әзірлеген.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қоғамдық даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 01-01/117 Бұйрығына сәйкес (16.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 23.07.2019 жылғы № 245 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қоғамдық даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 01-01/117 Бұйрығына сәйкес (16.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 23.07.2019 жылғы № 245 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап – күнтiзбелiк 25 (жиырма бес) күн.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорацияның құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
2) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілген ең ұзақ күту уақыты – 30 (отыз) минут, Мемлекеттік корпорацияға – 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметтің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты көрсетілетін қызметті берушіде – 30 (отыз) минут, Мемлекеттік корпорациясында – 20 (жиырма) минут;
5. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы келісу-хат не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысан – қағаз түрінде.
7. Мемлекеттiк қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.
Полная версия