Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 қарашадағы №1343 қаулысының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 495 Қаулысы
1. «Паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 қарашадағы №1343 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., №3, 51-құжат) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Полная версия