2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 97-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесі паспортының нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а2015 жылғы 17 сәуірдегі № 344 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 мамырда № 11155 тіркелді
Редакция 22.12.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса берілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесi паспортының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірлігінің Экономиканың инфрақұрылымын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесi паспортының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының 2003 жылғы 11 тамыздағы № 62-Ө (нормативтік-құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2482 тіркелген) және «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесi паспортының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының 2003 жылғы 11 тамыздағы № 62-Ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2009 жылғы 26 қазандағы № 191-Ө (нормативтік-құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5859 тіркелген, «Заң газеті» 2009 жылғы 24 желтоқсан № 195 (1618) жарияланды) бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы М. Құсайынов
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі _______________ А. Мамытбеков 2015 жылғы 22 сәуір
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 344 бұйрығымен бекітілген
нысан
Утвержден приказом исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 17 апреля 2015 года № 344
форма
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің паспорты Паспорт земельного участка сельскохозяйственного назначения
Нысан жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.12.2015 жылғы № 782 Бұйрығына сәйкес (17.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
1. Жалпы мәліметтер Общие сведения
Жер учаскесінің кадастрлық нөмiрi (код) _____________________________
Полная версия