Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.04.2018
Тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханаларды аттестаттау қағидаларын бекiту туралы
 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-2/60 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 мамырда № 11010 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 30 сәуірден бастап ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.02.2018 жылғы № 80 Бұйрығына сәйкес
Редакция 09.06.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханаларды аттестаттау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік етуші Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
____________________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 7 сәуір

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
2015 жылғы 31 наурыз
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
 2015 жылғы 30 қаңтардағы
 № 4-2/60 бұйрығымен
 бекітілген
Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау қағидалары
1. Осы Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленген және тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:
1) құрылымдық бөлімше - тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың құрамына кіретін және тұқымдардың сорттық және егу сапасына зерттеулер жүргiзуге арналған аумақтық оқшауланған бөлiмше;
2) өтініш беруші – аттестаттаудан өту және тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесiн алу үшін тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) өтініш берген заңды тұлға;
3) тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананы аттестаттау – заңды тұлғаның тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесiне сәйкестiгiн анықтау (растау);
Полная версия
ИС BestProfi