Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.04.2020
Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2015 жылғы 22 мамырдағы № 190 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 маусымда № 11290 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қоғамдық даму министрінің 29.11.2018 жылғы № 01-01/82 Бұйрығына сәйкес (17.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 26.08.2019 жылғы № 304 Бұйрығына сәйкес (29.11.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 13.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) (өзгерту 13.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 18 сәуірден бастап ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 31.03.2020 жылғы № 97 Бұйрығына сәйкес   
Редакция 13.09.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2)-тармақшасына, сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн келiсу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келiсу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті.
1) Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 18 наурыздағы № 11 «Діни саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9340 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 11 мамырда жарияланған);
2) Қазақстан Республикасы Дін істер агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 23 маусымдағы № 21 «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 18 наурыздағы № 11 «Діни саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9611 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 4 желтоқсанда № 238 (28461) жарияланған) күштері жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күннің ішінде осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесінде ресми жариялануға жолдауын;
3) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің интернет-ресурстарында орналасуын қамтамасыз етсін;
4) осы тармақпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі М.А. Әзілхановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы М. Әзілханов
Полная версия
ИС BestProfi