Близость слов: Окончание:





Сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық жүйелерінің тізбесін бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 19-3/297 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 маусымда № 11332 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 11.11.2021 жылғы № 459 Бұйрығына сәйкес (22.01.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 24.09.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-бабы 1-тармағының 7-9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық жүйелерінің қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 11.11.2021 жылғы № 459 Бұйрығына сәйкес (22.01.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министріА. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________Е. Досаев
2015 жылғы 8 мамыр

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
______________В. Школьник
2015 жылғы « »
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
 2015 жылғы 31 наурыздағы
 № 19-3/297 бұйрығымен
 бекітілген
Сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық жүйелерінің тізбесі
Тізбе өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.07.2017 жылғы № 299 Бұйрығымен (31.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Тізбе өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 07.11.2017 жылғы № 446 Бұйрығымен (18.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Тізбе өзгертілді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 22.01.2020 жылғы № 20 Бұйрығымен (07.11.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Тізбе өзгертілді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 11.11.2021 жылғы № 459 Бұйрығымен (22.01.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 07.09.2022 жылғы № 606 Бұйрығына сәйкес (11.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
№ Облыстар бойынша объектілердің атауы
1. «Дамса-Научный-Степное» топтық су құбыры
Полная версия
ИС BestProfi