«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1–тармағының 6) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2014 жылғы 14 қазандағы № 62 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 28 мамырдағы № 605 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 маусымда № 11498 тіркелді
1. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 14 қазандағы № 62 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9808 болып тіркелген, газетіне 2014 жылғы 22 қазандағы № 206 (27827) «Казахстанская правда» газетіне жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесіне:
«13. Міндеті: байланыс, пошта саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, байланыс, пошта саласындағы қызметтерді ұсынатын немесе оларды пайдаланатын адамдардың қызметін мемлекеттік бақылау, үйлестіру және реттеу;
Функциялары:
1) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды бөлу және пайдалану;
2) радиожиілік спектрін жоспарлау және тиімді пайдалану;
3) байланыс, ақпараттандыру және ақпарат саласындағы өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
4) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиілік спектрін пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауын тексеруді жүргізу;
5) радиобақылауды, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиілік спектрін пайдалануын және байланыс қызметтерін көрсететін лицензиаттардың лицензия талаптарын сақтауын тексеруді жүргізуге қатысты құжаттардың (хаттамалардың, ұйғарымдардың, тексеру тағайындау туралы актілердің) нысандарын әзірлеу;
6) азаматтық пайдаланушыларға радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттарды бөлу, иелікке беру, шақыру сигналын иелікке беруді қоса алғанда, кеме станциясына рұқсаттар беру;
7) арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің объектілерін қоспағанда, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын және радиожиілік спектрін пайдаланатын шаруашылық жүргізуші субъектілерін байланыс объектілеріне белгіленген тәртіппен тексеру жүргізу үшін тиісті үлгіде ресімделген техникалық тапсырманы және қызметтік куәлікті көрсету арқылы кіру;
8) пайдалану құқығына рұқсаты болмаған және (немесе) техникалық сипаттамалары белгіленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды өшіру;
9) адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға немесе тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуіне қауіп төндіретін байланыс желілері технологиялық жабдығын пайдалану, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қағидаларын бұзу анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жекелеген байланыс құралдарының немесе байланыс желілерінің жұмысындағы бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар жіберу;
10) ұлттық ресурстардың және байланыс операторларының тізімдерінн жүргізу;
11) импорттан өзгеше жағдайларда, азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кірістірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындылар беру;
12) бөлінетін жиілік жолақтарын, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) техникалық сараптау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
13) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиілікті құрылғыларын қоса алғанда, радиожиілік спектрін пайдалануға, Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды іске қосуға рұқсаттар беру;
Полная версия