"Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 319 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 маусымда № 11507 тіркелді
Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 24.11.2017 жылғы № 391 Бұйрығына сәйкес (26.08.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
Осы Бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.05.2023 жылғы № 169 Бұйрығына сәйкес
«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-1-бабының 1) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 20.04.2016 жылғы № 303 Бұйрығына сәйкес (28.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.06.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.05.2020 жылғы № 175 Бұйрығына сәйкес (05.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.11.2022 жылғы № 470 Бұйрығына сәйкес (26.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса берілген Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 24.11.2017 жылғы № 391 Бұйрығымен (26.08.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.12.2022 жылғы № 522 Бұйрығына сәйкес (22.11.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.