Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.07.2017
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
 2015 жылғы 3 сәуірдегі
 № 307 бұйрығына
 3-қосымша
«Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт күшін жойды 2017 жылғы 2 шілдеден бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 28.04.2017 жылғы № 217 Бұйрығына сәйкес
Редакция 28.06.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.01.2016 жылғы № 40 Бұйрығына сәйкес (03.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе www.elicense.kz веб-порталы; www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.06.2016 жылғы № 291 Бұйрығына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) көрсетілетін қызмет алушы құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген сәттен бастап - 15 (он бес) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісінің есептік нөмір беру туралы растау не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.06.2016 жылғы № 291 Бұйрығына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті алушы қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен куәландырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.
Полная версия
ИС BestProfi