«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 176-1 бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 26.12.2020
Кәсіптік даярлықты бағалау және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың біліктілікке сәйкестігін растау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 404 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 маусымда № 11449 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 26 желтоқсаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.12.2020 жылғы № ҚР ДСМ-249/2020 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Кәсіптік даярлықты бағалау және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың біліктілікке сәйкестігін растау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2015 жылғы 9 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 404 бұйрығымен бекітілген
Кәсіптік даярлықты бағалау және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың біліктілікке сәйкестігін растау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын және біліктілікке сәйкестігін растау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 176-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың, соның ішінде, шетел мамандары мен Қазақстан Республикасының шегінен тыс білім алған тұлғалардың кәсіптік даярлығын бағалау және біліктілікке сәйкестігін растау (бұдан әрі – Бағалау) тәртібін анықтайды. Бағалауды уәкілетті органмен аккредиттелген ұйым жүргізеді (бұдан әрі – бағалау бойынша ұйым).
2. Осы Қағидаларда мынадай түсініктер мен ұғымдар пайдаланылады:
1) өңірлік симуляциялық орталықтар (бұдан әрі – ӨСО) – өңірлердегі денсаулық сақтау мамандарын үздіксіз кәсіби дамыту және бағалау үшін базаны ұсыну мақсатында, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның ұсынысы бойынша құрылған мемлекеттік медициналық колледждердің құрылымдық бөлімшелері;
2) апелляциялық комиссия – үміткерлердің апелляциялық өтініштерін қарау үшін бағалау жөніндегі ұйым қызметкерлері мен тәуелсіз сарапшылар қатарынан бағалау жөніндегі ұйыммен құрылатын комиссия;
3) білім бағалау – денсаулық сақтау саласындағы тиісті мамандық бойынша үміткердің теориялық білім деңгейін анықтау;
4) дағды – алынған білімнің жиынтығымен қамтамасыз етілетін және жаттығулар арқылы қалыптасқан, іс-қимылды орындаудың меңгерілген әдісі; бірнеше қайтара қайталау жолымен автоматизмге дейін жеткізілген іс-қимыл;
Полная версия