Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 17.04.2020
"Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 439 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 маусымда № 11368 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 17 сәуірден бастап ҚР Ішкі істер министрінің 28.03.2020 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес   
Редакция 25.04.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 110 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9226 болып тіркелген және «Казахстанская правда» газетінде 2014 жылғы 23 шілдеде № 141 (27762); «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 23 шілдеде № 141 (28365) болып жарияланған) және «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 110 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 24 маусымдағы № 371 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9613 болып тіркелген және «Заң газеті» газетінде 2014 жылғы 28 тамызда № 128 (2522); «Юридическая газета» газетінде 2014 жылғы 28 тамызда № 128 (2696) болып жарияланған) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын және оны бұлжытпай орындауды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-полковнигі Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 08 мамырдағы
№ 439 бұйрығымен
бекітілген
«Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 19.06.2018 жылғы № 454 Бұйрығына сәйкес (08.05.2015 ж. редакцияны қараңыз)  (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 08.12.2018 жылғы № 895 Бұйрығына сәйкес (19.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 236 бұйрығымен (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11143 болып тіркелген) бекітілген «Күзет қызметімен айналысу кұқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.еgov.kz веб-порталы немесе www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – заңды тұлғаларға күзет қызметімен айналысу құқығына берілген лицензия, оны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасы не лицензияны беруден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Полная версия
ИС BestProfi