Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мақта саласын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 21 шілдедегі № 336-V Заңы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143 құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; №8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; 2015 жылғы 10 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
404-баптың бесінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мақта өңдеу ұйымының «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзып, кепілдіктер беруі және (немесе) өз мүлкін үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілге қоюы, сондай-ақ негізгі құралдарсыз мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру толық мүмкін болмайтын не едәуір нашарлап кететін негізгі құралдарды иеліктен шығаруы – ».
2. «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 130-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
1) бүкіл мәтін бойынша «сарапшы ұйым», «сарапшы ұйымды», «сарапшылық ұйымға», «сарапшы ұйымның», «сарапшылық ұйымның», «сарапшылық ұйым» деген сөздер тиісінше «сараптама ұйымы», «сараптама ұйымын», «сараптама ұйымына», «сараптама ұйымының», «сараптама ұйымының», «сараптама ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) кіріспе «өндіру,» деген сөзден кейін «дайындау, сатып алу,» деген сөздермен толықтырылсын;
«4-1) мақта дайындау ұйымы – шитті мақта сатып алуды және дайындауды жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
«11) мақта нарығына қатысушылар – шитті мақтаны өндіруге, дайындауға, сатып алуға, оны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеуге және мақтаны өткізуге қатысатын жеке және заңды тұлғалар;»;
14) тармақша «арқылы» деген сөзден кейін «шитті мақтаны бастапқы өңдеу және» деген сөздермен толықтырылсын;
«27-1) шитті мақтаны дайындау – мақта дайындау және (немесе) мақта өңдеу ұйымдары жүзеге асыратын, шитті мақтаны қабылдауды, сақтауды және беруді қамтитын қызметтер кешені;»;
«31) шитті мақтаны сақтау – мақта қолхаттарын беру арқылы шитті мақтаны сақтау және (немесе) бастапқы өңдеу үшін қабылдау;»;
«33) шитті мақтаны сатып алу – келісімшарт жасасу шарты арқылы шитті мақтаны сатып алу, оған сәйкес мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер шитті мақтаны осындай өнімді сатып алуды жүзеге асыратын мақта дайындау және (немесе) мақта өңдеу ұйымдарына шартта айқындалатын баға және талаптар бойынша сатады.»;
Полная версия
ИС BestProfi