Близость слов: Окончание:





Байланыс саласында қызметтер көрсету бойынша қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарды және байланыс саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 543 қаулысы
Редакция 23.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Рұқсаттамалар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) және 4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті:
1-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 16.07.2015 жылғы № 353 Қаулысына сәйкес (01.05.2015 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.11.2017 жылғы № 773 Қаулысына сәйкес (16.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.03.2019 жылғы № 142 Қаулысына сәйкес (25.11.2017 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 12.07.2019 жылғы № 501 Қаулысына сәйкес (26.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)
1) байланыс саласындағы қызметтерді көрсету бойынша қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;
2) осы қаулыға қосымшаға сәйкес байланыс саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып айқындалсын.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 1620 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 4, 75-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 507 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 23-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 34, 505-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
2015 жылғы 16 шілдедегі
 № 543 қаулысына
 қосымша
Осы Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.07.2024 жылғы № 591 Қаулысына сәйкес (12.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Байланыс саласындағы екінші санаттағы рұқсаттар

Р/с

Рұқсат беру рәсімінің атауы

Рұқсаттың және жүзеге асыру үшін рұқсаттың болуы талап етілетін қызмет (әрекет) түрінің атауы

1

2

3

1-сынып – «қызметке берілетін рұқсаттар»


 

1.

Виртуалды ұялы байланыс операторына рұқсат беру

Виртуалды ұялы байланыс операторына рұқсат

4-сынып – «ресурстары шектелген немесе квоталар пайдаланатын қызметке берілетін рұқсаттар»


 

2.

Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді бөліп көрсету, сондай-ақ оларды алып қою

Нөмірлер бөлу, сондай-ақ оларды алып қою туралы бұйрық

3.

Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру

Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат

Полная версия
ИС BestProfi