«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 3) және 8) тармақшаларына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9779 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереженің 13-тармағы 9) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
«Туризм статистикасы бойынша жалпымемлекеттiк статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөнiндегi нұсқаулықтарды бекiту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Туризм статистикасы бойынша жалпымемлекеттiк статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөнiндегi нұсқаулықтарды бекiту туралы
1. Мыналар:
1) «Орналастыру орындарының қызметi туралы есеп» жалпымемлекеттiк статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0951102, индексi 2-туризм, кезеңдiлiгi тоқсандық) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Орналастыру орындарының қызметi туралы есеп» жалпымемлекеттiк статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөнiндегi нұсқаулық (коды 0951102, индексi 2-туризм, кезеңдiлiгi тоқсандық) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) «Үй шаруашылықтарының сапарларға жұмсаған шығыстары туралы зерттеу сауалнамасы» жалпымемлекеттiк статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0962104, индексi Н-050, кезеңдiлiгi жылдық) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) «Үй шаруашылықтарының сапарларға жұмсаған шығыстары туралы зерттеу сауалнамасы» жалпымемлекеттiк статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөнiндегi нұсқаулық (коды 0962104, индексi Н-050, кезеңдiлiгi жылдық) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;
5) «Келушiлердi зерттеу сауалнамасы» жалпымемлекеттiк статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0972103, индексi Н-060, кезеңдiлiгi жылына 2 рет) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;
6) «Келушiлердi зерттеу сауалнамасы» жалпымемлекеттiк статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөнiндегi нұсқаулық (коды 0972103, индексi Н-060, кезеңдiлiгi жылына 2 рет) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
2. «Туризм статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағаның міндетін атқарушы 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 83 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 10082 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде мемлекеттiк тiркегеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жіберсін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында міндетті жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Ә. Смайылов
Полная версия

