«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 88-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 10.11.2020
Бас бостандығы шектеулі азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 314 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 мамырда № 11206 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 10 қарашадан бастап ҚР Ішкі істер министрінің 28.10.2020 жылғы № 745 Бұйрығына сәйкес
Редакция 02.11.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Бас бостандығы шектеулі азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б.М. Бердалин):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасарына (Б.Б. Бисенқұлов) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қ. Қасымов
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі ___________ Т. Дүйсенова 2015 жылғы 17 сәуір
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ___________ Е. Досаев 2015 жылғы 28 сәуір
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 314 бұйрығымен бекітілген
Бас бостандығы шектеулі азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.11.2017 жылғы № 728 Бұйрығына сәйкес (07.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.12.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бас бостандығы шектеулі азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 88-бабының төртінші тармағына сәйкес әзірленді және бас бостандығы шектеулі, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан, арнайы мекемелерге орналастырылған азаматтарға медициналық көмек көрсету тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы мекемелер - тергеу изоляторы (бұдан әрі - ТИ), уақытша ұстау изоляторы (бұдан әрі - УҰИ), қабылдау-тарату орны (бұдан әрі - ҚТО), арнаулы қабылдау орны (бұдан әрі - АҚО);
2) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесі (бұдан әрі – мекеме) – бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларды орындауға, сондай-ақ өлім жазасына сотталғандарды ұстауға арналған мемлекеттік мекеме;
Полная версия