Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.02.2019
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
 № 394 бұйрығына
 2-қосымша
«Төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 10.04.2017 жылғы № 259 Бұйрығына сәйкес (24.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Стандарт күшін жойды 2019 жылғы 1 ақпаннан бастап ҚР Ішкі істер министрінің 13.12.2018 жылғы № 835 Бұйрығына сәйкес
Редакция 10.04.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелері көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру «Азаматтар үшін үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған кезден бастап – 15 (он бес) күнтізбелік күн.
Қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Қызмет алушы осы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жарамдылық мерзімі өткен құжаттар ұсынған жағдайда өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің барынша рұқсат берілетін уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің барынша рұқсат берілетін уақыты – 20 (жиырма) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – авариялық-құтқару жұмыстарының белгілі бір түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына куәлік.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Мемлекеттік корпорацияның жұмыс графигі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес сағат 9-00-ден 20-00-ге дейін үзіліссіз.
Мемлекеттік қызмет жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібінде, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша көрсетіледі, «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы электрондық кезекті брондауға болады.
9. Авариялық-құтқару қызметтері (бұдан әрі – АҚҚ) мен құралымдарын бастапқы аттестаттау үшін Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушылар (не сенімхат бойынша оның өкілі) мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша АҚҚ аттестаттау және қайта аттестаттау жүргізуге өтініш;
2) АҚҚ және құралымдары жарғысының немесе ережесінің көшірмесі;
3) АҚҚ және құралымдарының штат саны, құрылымы;
4) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарға тікелей тартылатын құтқарушылар куәліктерінің және кітапшаларының көшірмесі (бар болған жағдайда);
5) «Жүргізуші куәлігі және көлік құралын тіркеу туралы куәлік бланкілерінің нысандары мен үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 874 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10064 болып тіркелген) сәйкес нысан бойынша көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің көшірмесі;
6) «Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқау ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 329 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 11333 болып тіркелген) сәйкес нысан бойынша техникалық байқау диагностикалық карталарының көшірмесі;
7) еркін нысанда сынақтар актілерінің көшірмесі (жабдық үшін);
8) оқу-материалдық базасының бар-жоғы туралы (арнайы сыныптардың болуы, оларды жарақталуы, оқу қалашығының схемасы, оларды орналастыру орындары) құжаттардың көшірмесі;
9) қызметкерлерді тағайындау туралы бұйрықтардан үзінді көшірме;
10) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) сәйкес қызметкерлердің 086/У нысанды медициналық анықтамалары;
11) қызметкерлердің психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерінен алынған анықтамалар;
12) АҚҚ қызметкерлерінің білімі туралы құжаттарының көшірмесі, (шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес танылады);
13) «Азаматтық қорғау саласында даярлықтан немесе қайта даярлықтан өтуі туралы бірыңғай үлгідегі сертификатты белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 20 қазандағы № 857 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12292 болып тіркелген) сәйкес нысан бойынша азаматтық қорғау саласында даярлықтан немесе қайта даярлықтан өткені туралы сертификаттарының немесе «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 қаңтардағы № 48 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10382 болып тіркелген) сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарын аяқтағаны туралы куәліктерінің көшірмесі;
14) «Жүргізуші куәлігі және көлік құралын тіркеу туралы куәлік бланкілерінің нысандары мен үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 874 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10064 болып тіркелген) сәйкес нысан бойынша жүргізуші куәліктерінің көшірмелері (жүргізушілер үшін).
АҚҚ және құралымдарды мерзімдік, кезектен тыс аттестаттау және қайта аттестаттау үшін Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды, оның ішінде қызмет көрсететін объектінің жоспарын ұсынады (объектілік кәсіби АҚҚ мен құралымдар үшін).
Құтқарушыларды бастапқы аттестаттау үшін азаматтар Мемлекеттік корпорацияға:
2) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) сәйкес қызметкерлердің 086/У нысанды медициналық анықтамалары;
3) «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 қаңтардағы №48 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10382 болып тіркелді) сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарын аяқтағаны туралы куәліктерінің немесе азаматтық қорғау саласында даярлау немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын сертификаттардың көшірмесі;
4) өлшемдері 3х4 см саны екі дана фотосурет ұсынады.
Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттардың электрондық көшірмесін шығарады, кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызмет алушыға қайтарады.
Мемлекеттік корпорация арқылы дайын құжаттарды беру тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде, жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде (немесе оның өкілі нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуде бас тарту үшін негіз:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) шынайы еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар мен объектілердің Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 21 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10261 болып тіркелген) бекітілген авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі болып табылады.
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген айқындалған мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке тыйым салу немесе жекелеген қызмет түрлері туралы соттың шешімі (үкімі) бар.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
1) шағым Министрліктің Төтенше жағдайлар комитетінің www.emer.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызмет берушінің басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8 мекенжайы бойынша орналасқан Министрліктің Төтенше жағдайлар комитеті басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1 мекенжайы бойынша орналасқан Министрліктің басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы, «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошта мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.
Мемлекеттік корпорацияда қолма-қол, сондай-ақ пошта байланысы арқылы келіп түскен шағымның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркелген күні шағымның екінші данасына және шағымға ілеспе хатқа қойылады) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта, «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жолданады немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе Мемлекеттік корпорацияда қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орынның мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің www.emer.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның www.goscorp.kz интернет-ресурсында орналастырлған.
14. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің байланыс телефоны көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің және Министрліктің интернет-ресурстарында орналастырылған.
«Төтенше жағдайларды жою кезінде
құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі
қызметті жүзеге асыратын субъектілерді
аттестаттау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша
(облыс немесе республикалық маңызы бар қала
көрсетіледі) бастығы _________________________________
Аттестаттау немесе қайта аттестаттау өткізуге өтініш
 __________________________________________________ (аттестатау түрі көрсетіледі)
 ____________________________________________________________________ (ұйымның атауы)
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып,
 Сізден қоса беріліп отырған құжаттар тізбесін қарауды және _______________________ жұмыстарды жүргізу құқығына куәлік алу үшін
 ____________________________________________________________________ (ұйымның атауы)
 _____________________________аттестаттау және қайта аттестаттау өткізуді (авариялық-құтқару жұмыстарының түрі) сұрайды.
 _________________________ _________________________ (ұйым басшысының лауазымы) (қолы)
Полная версия
ИС BestProfi