Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.02.2019
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
 № 394 бұйрығына
 3-қосымша
«Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу (есептік тіркеу)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт күшін жойды 2019 жылғы 1 ақпаннан бастап ҚР Ішкі істер министрінің 13.12.2018 жылғы № 835 Бұйрығына сәйкес
Редакция 10.04.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу (есептік тіркеу)» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Комитет) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Министрліктің Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелері көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 10.04.2017 жылғы № 259 Бұйрығына сәйкес (24.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 10.04.2017 жылғы № 259 Бұйрығына сәйкес (24.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған кезден бастап – 1 (бір) жұмыс күні.
Қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі - еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9-00-ден 20-00-ге дейін үзіліссіз.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 10.04.2017 жылғы № 259 Бұйрығына сәйкес (24.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібінде, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жүргізіледі, портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 10.04.2017 жылғы № 259 Бұйрығына сәйкес (24.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) авариялық-құтқару жұмыстарының белгілі бір түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына берілген куәлік көшірмесі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Қызмет берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 10.04.2017 жылғы № 259 Бұйрығына сәйкес (24.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) шағым Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің www.emer.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжай бойынша орналасқан көрсетілетін қызмет беруші басшысының атына немесе 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8 мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті басшысының атына немесе 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1 мекенжайы бойынша орналасқан Министрлік басшысының атына жіберіледі.
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы, «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), почталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.
Мемлекеттік корпорацияда қолма-қол, сондай-ақ почта байланысы арқылы келіп түскен шағымның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркелген күні шағымның екінші данасына және шағымға ілеспе хатқа қойылады) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, оны көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартып отырады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта, «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жолданады немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе Мемлекеттік корпорацияда қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген
жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайлары Министрліктің Төтенше жағдайлар комитетінің www.emer.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның www.goscorp.kz интернет-ресурсында орналасқан.
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 10.04.2017 жылғы № 259 Бұйрығына сәйкес (24.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
13. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің байланыс телефоны көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің және Министрліктің интернет-ресурстарында орналасқан.
«Авариялық-құтқару қызметтері мен
құралымдарын тіркеу (есептік тіркеу)»
 мемлекеттік көрсетілетін қызмет
 стандартына қосымша
 Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК
Төтенше жағдайлар департаменті
(облыс немесе республикалық
маңызы бар қала көрсетіледі)
басшысы (бастығы)
______________________ мырзаға
Авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдарын тіркеуге (есептік тіркеу)
_____________________________________________________________________
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан
Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 33) тармақшасын басшылыққа
ала отырып, Сізден авариялық-құтқару қызметін (құрылымын)
_____________________________________________________________________
Қосымша авариялық-құтқару жұмыстарының белгіленген түрін немесе
түрлерін жүргізу құқығына куәліктің көшірмесі.
(көрсетілетін қызметті алушының лауазымы)     (көрсетілетін қызметті
Полная версия
ИС BestProfi