«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 32-11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 29.07.2018
Келісімшарттық аумақты немесе оның бөліктерін қайтару қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 411 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 маусымда № 11393 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 29 шілдеден бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.05.2018 жылғы № 325 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Келісімшарттық аумақты немесе оның бөліктерін қайтару қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б.Қ. Нұрабаев) заңнамада бекітілген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелері мерзімді басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ______________ Е. Досаев 2015 жылғы «__» ________
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Энергетика министрі ______________ В. Школьник 2015 жылғы «__» __________
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 411 бұйрығымен бекітілген
Келісімшарттық аумақты немесе оның бөліктерін қайтару қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Келісімшарттық аумақты немесе оның бөліктерін қайтару қағидалары «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 20-бабының 32-11) тармақшасына сәйкес әзірленді және аумақты немесе оның бөліктерін қайтару тәртібін анықтайды.
2. Келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталуы немесе жарамсыз деп танылуы, жер қойнауын пайдаланушыны мемлекетке келісімшарттық аумақты қайтару және жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар салдарын жою жөніндегі жауапкершіліктен босатпайды.
2. Келісімшарттық аумақты немесе оның бөліктерін қайтару тәртібі
3. Келісімшарттық аумақты немесе оның бөліктерін қайтару келісімшарттың шарттарына сәйкес, келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін, жарамсыз деп танылғаннан кейін жүзеге асырылады.
4. Келісімшарттық аумақ немесе оның бөліктері қайтарылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушымен Заңның 111-бабына сәйкес жер қойнауын пайдалану объектілерін жою немесе консервациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге, оның ішінде барлау жөніндегі операцияларды жүргізу салдарынан бұзылған жер учаскелері мен басқа да табиғи объектілерді келісімшарттық аумақтың қайтарылатын бөлігінде (бөліктерінде) одан әрі пайдалану үшін жарамды жағдайға дейін қалпына келтіру бойынша жою немесе консервациялау жұмыстары жүргізілуі қажет.
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтатқан кезде жер қойнауын пайдаланушының барлық өндірістік объектілері мен жер учаскелері халық өмірінің, денсаулығының қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін жағдайға келтірілуге тиіс, ал жер қойнауын пайдаланушылар жұмысының салдары Заңда белгіленген тәртіппен жойылуға тиіс.
5. Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық аумақ немесе оның бөліктері бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар аяқталғаннан кейін бір айдан кешіктірмей жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне «Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептер беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 396 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің № 11028 тіркелген) сәйкес жасалған жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу туралы есебін (бұдан әрі – есеп) ұсынады.
6. Заңның 111-бабына сәйкес жер қойнауын пайдалану объектілерін консервациялау немесе жою бойынша жұмыстары жүргізілгеннен кейін, осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша келісімшарттық аумақтың бөліктерін қайтару келісімшарттық аумақтың қайтарылатын бөліктері тиісті геологиялық бөлуден шығарыла отырып, геологиялық бөлуді қайта ресімдеу жолымен жүзеге асырылады.
7. Келісімшарттық аумақты жалпы қайтару және келісімшарттың қолданылуы тоқтатылуы немесе жарамсыз деп танылуы геологиялық (тау-кендік) бөлуі жарамсыз деп танылуына негіз болады.
Келісімшарттық аумақты немесе оның бөліктерін қайтару қағидаларына қосымша Үлгі Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен «БЕКІТІЛГЕН»
____________________ барлауды (барлау мен өндіруді),
пайдалы қазбаның түрі
барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты
құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүргізуге арналған
_______________________________________________________________
(келісімшарттық аумақтың немесе оның бөліктерінің аймағы)
(20___ж. «___» _________ №____келісімшарт) бойынша
келісімшарттық аумақты немесе оның бөліктерін қайтару
АКТІСІ
Астана қ. 20__ж. «_____»_______________
1. Жер қойнауын пайдаланушы:___________________________________
2. ________________ облысында___________алаңдағы_______________ жүргізуге арналған келісімшарт (20___ж. № _______________________ жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісі).
3. Келісімшарттық аумақты немесе оның бөліктерін қайтару.
3.1. Қайтаруға жататын аумақтың немесе оның бөліктерінің географиялық координаттары:
Бұрыштық нүктелер | Бұрыштық нүктелердің | координаттары |
| солтүстік ендік | шығыс бойлық |
|
|
|
3.2. Қайтарылатын келісімшарттық аумақтың немесе оның бөліктерінің алаңы ________________құрайды.
3.3. Қорытынды: __________ келісімшарттық аумақ немесе бөлігі жалпы пайдалануға қайтарылады. (20_ ж. «__»______ №_____ Жер қойнауы объектісін жою (консервациялау) мақсатында орындалған жұмыстарды қабылдау және бағалау актісін көрсету)
Аумақты жоспарлы қайтарылуына және оны халықтың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қалпына келтірілуіне байланысты жер қойнауын пайдаланушы ________________________________ қайтаратын келісімшарттық аумақтың географиялық координаттары:
Бұрыштық нүктелер | Бұрыштық нүктелердің | координаттары |
| солтүстік ендік | шығыс бойлық |
|
|
|
_________ км көлемде жалпы пайдалануға.
4. Одан әрі жер қойнауын пайдалануға қалған _______ шаршы шақырым алаң бұрыштық нүктелердің координаттары шегінде:
Бұрыштық нүктелер | Бұрыштық нүктелердің | координаттары |
| солтүстік ендік | шығыс бойлық |
|
|
|
5. 20___ ж. «___» ___________ №_____ келісімшарт бойынша жүргізілген геологиялық барлау жұмыстары бойынша бастапқы материалдар (далалық құжаттама, зертханалық зерттеулердің нәтижелері) келісімшарттық аумақта барлау түпкілікті аяқталғаннан кейін ________ жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің аумақтық геологиялық қорының мұрағатына тапсырылады.
6. ____________қайтарылатын аумақта жүргізілген геологиялық барлау жұмыстары жөніндегі есеп оны бекіткеннен кейін _________________ жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің және «Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығының геологиялық қорларына сақтауға тапсырылады.
Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану «Қазгеоақпарат» республикалық
жөніндегі уәкілетті органның аумақтық геологиялық ақпарат
бөлімшесінің басшысы орталығының басшысы
_____________________________________ _____________________________
тегі, аты, әкесінің аты тегі, аты, әкесінің аты
20__жылғы «____»_________ 20__жылғы «____»__________
М.О. М.О.
Жер қойнауын пайдаланушы:
_____________________________________
тегі, аты, әкесінің аты
20__жылғы «____»___________
М.О.
Полная версия