Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.07.2017
"Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу қағидаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 586 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 565 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 2 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 15.06.2017 жылғы № 370 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 586 қаулысына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2012, № 48, 655-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу қағидаларында:
«16. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірленген ұлттық жоспардың жобасын оның қолдану мерзімі басталатын күнге дейін үш айдан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Полная версия
ИС BestProfi